8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2021 1830 0
Қоғам

«JAIYQ FILM FEST» МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Орал шаһарында екі күнге созылған халықаралық «Jaiyq film fest» қысқаметражды және деректі фильмдер кинофестивалі өз мәресіне жетіп, үздік кинотуындылар анықталды. 10  аталым бойынша марапатталған өнер туындыларының ішінде басты жүлдеге тәжікстандық режиссер Н.Шералидің «Обуза» қысқа метражды фильмі лайық деп танылды. Марапаттау салтанаты 17 қыркүйекте Х.Бөкеева  атындағы  қазақ драма театрында  өтті.

Салтанатты кешті кинофестивальге әлемнің әр түкпірінен өз туындыларын жолдаған шығармашылық ұжымдар ZOOM әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде тамашалады.

Айта кетейік, кинофестивальге 100-ден астам өтінім түскен.  Алдымен комиссия іріктеп, қазылар құрамы іріктеуден өткен 30  фильмді көріп, өз бағаларын берді. Салтанатты кеште отандық кино өндірісі саласының майталмандарынан құралған қазылар алқасы байқаудың қорытындысын жариялап, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз деп танылған фильмдерді атады.

«Үздік  сценарий», «Үздік деректі фильм»,  «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік қоюшы суретші» аталымдары бойынша үздіктер анықталды. Ал Оралдан ұсынылған екі фильмнің бірі – Аманат Рзағалиевтің «Нағашымның әңгімес»  киносына «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» берілді.  «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы украиналық «Бульмастив» фильмінің актері Евгений Ламахқа, «Үздік әйел адам бейнесі» Тәжікстанның киносы «Обуза»  фильмінде  ойнаған Саодат Сафароваға берілді.  Сондай-ақ дәл осы фильм басты жүлде – «Үздік фильм» аталымына ие болды.  Онлайн байланыс арқылы көріп отырған тәжікстандық шығармашылық ұжым қуаныштарын жеткізіп, фестиваль ұйымдастырушыларына  алғыстарын білдірді. Сондай-ақ осы фильм Қырғызстанда өтіп жатқан фестивальде де  бас жүлдеге  ие болған. Бір уақытта қос елдің жүлдесін алған фильм салтанатты марапаттау рәсімінен соң, Орал жұртшылығына көрсетілді.

Фестивальдің  жабылу рәсімінде Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков киносүйер көрерменді рухани сусындатқан екікүндік кинофестиваль Жайық жұртшылығының есінде ұзақ сақталарына сенім білдірді.

–   Осы екі күнде қала кинотеатрларында әр елден жолданған кинотуындылар көрсетіліп, оларға еліміздегі кино саласының танымал «жұлдыздары», қазақ елінің мақтаныштарына айналған тұлғалар өз бағаларын берді. Бұл – қаламыз үшін ерекше мереке болды. Себебі осы дүбірлі өнер кеші қазақстандықтардың ғана емес, әлемнің назарын аударып, олар екі күні бойы біздің шаһарымызға алыстан көз тігіп, бізбен бірге болды. Орал – тарихи қала, жасыл аймақ, әсем шаһар, қонақжай өлке. Оған қоса енді Орал – кино өнерінің орталығына айналып отыр. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш, – деді Абат Абайұлы.

Сондай-ақ қала басшысы кинофестивальдің құрметті қонақтарына алғыс хаттар табыстады.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»