БҚО-ДА ОРМАН ӨРТІН СӨНДІРУ ЖАЛҒАСУДА
Оқиға орнынан мәлімдеме жасаған БҚО ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Ақылбек Ахметжанов бүгін, 15 шілде күні өртті сөндіруге 100 адам, 10 техника жұмылдырылғанын айтты. Сондай-ақ «ҚазАвиақұтқару» түкұшағы арқылы жоғарыдан 43 тоннадай су шашылған.

– Өртті толықтай сөндіруге ауа-райының қатты ыстығы және секундына 15 метрге дейін соғып тұрған жел кедергі келтіруде. Жел бағытының жиі ауысуы қиындық туғызып тұр. Өртті сөндіру жалғасуда, айналадағы елді мекендерге қауіп жоқ, – деді Ақылбек Қосманұлы.
Айта кетейік, 13 шілдеде облыс аумағында найзағай түсуінен және ауа райының 41ºС-қа дейін көтерілуінен өрт тұтанып, екі күн бойы Жайықтың екі бетіндегі орман алқабын жалын шарпыған. Бұл IV дәрежедегі өрт қаупі екенін атап өткен жөн.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу