8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Мамыр 2022 1684 0
Қалалықтар қаперіне

Жылжымайтын мүліктің кепіл шартын онлайн тіркеуге 11 мыңнан аса өтініш түсті

Өткен жылдың шілде айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы екінші деңгейлі банктермен бірлесіп («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, «Отбасы банк» АҚ), Blockchain технологиясымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» қызметін көрсету процесін автоматтандыру  және оңтайландыру бойынша  пилоттық  жобаны іске қосқан болатын.

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар кепіл шарттарды  мемлекеттік  тіркеуге 11 515 өтініш берген. Оның ішінде «Отбасы банкі»  арқылы – 6429,  «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы – 2629, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ арқылы – 2457 өтініш қабылданған.

Енді  банктер жаңа технологияны қолдана отырып,  қажетті құжаттарды ХҚО-ға өзі жібереді. Бұл қызмет көрсету мерзімін 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға  мүмкіндік  берді.  Құқықтық талдау процесін автоматтандырудың  арқасында  банктер өтінім берген сәттен бастап тіркеуге дейінгі уақыт 3 минутты құрады. Жаңа технология адами фактор әсерін толықтай болдырмауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін құқықтық талдау процесін автоматтандыру арқылы 2591 өтініш берілді.

Бұрын азаматтар жылжымайтын мүліктің кепіл шартын тіркеу үшін банктен алған құжаттарды өз қолымен ХҚО-ға апаруы тиіс болатын. Онда кепіл шартты тіркеп, ауыртпалық туралы анықтаманы алып, тіркелген шартпен бірге банкке қайта келетін. Blockchain технологиясының арқасында процесс автоматтандырылды.

Тұтынушылар жылжымайтын мүлкінің тіркелгенін растайтын құжаттарды алу үшін ХҚО-ға бармаса да болады. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі egov.kz порталындағы жеке кабинетінде әрдайым қолжетімді.

Азаматтарға   арналған  үкімет egov.kz порталы  арқылы  жылжымайтын  мүлік бойынша келесі  қызметтерді  онлайн  алуға болатынын естеріңізге салады:

  • Заңдық талаптардың туындауын тіркеу;
  • Заңдық талаптардың тоқтатылуын тіркеу;
  • Кепілді, рентаны, пайдалануды тіркеу;
  • Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгерістерін тіркеу;
  • Қайта кепілді тіркеу;
  • Құқықтың ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркеу;
  • Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу;
  • Сауда-саттық туралы хабарламаны тіркеу;
  • Қарыз шарты бойынша талап ету құқығын басқаға беруді тіркеу.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
114 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
334 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
820 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1197 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1114 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1557 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2172 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2340 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2346 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2396 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2399 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2031 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2881 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2934 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2930 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3540 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3512 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3498 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3477 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3638 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3684 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»