ЖОО палуандары Жәңгір хан университетінде бас қосты
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өткен Қазақ күресінен жоғары оқу орындары студенттері арасындағы республикалық лиганың финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған палуандар жарысына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ерлер және қыздар командалары қатысты.
Жәңгір хан университетінде тұңғыш рет ұйымдастырылған спорттық іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған жоғары оқу орнының басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов жарыстың маңызына тоқталып, өз деңгейінде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына», Қазақ күресі федерациясының тұңғыш президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, спорт шебері Ерғали Мұхиддинұлына, БҚО қазақ күресі ассоциациясының президенті Әсет Сұлтанұлына, Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Мұратұлына алғыс білдірді.
Екі күнге созылған тартысты бәсекеде жалпы 7 оқу орнынан қатысқан командалар құрамында 56 палуан жігіт пен 28 студент қыз боз кілемде белдесті. Өз командаларының намысын қорғаған студенттер жақсы дайындықпен келгендерін байқатып, барлық шеберліктерін аянып қалмады.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер және қыздар арасындағы қос бірдей жеңісті Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті қанжығасына байлап кетті. Жүлделі 2-орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ерлер және қыздар командалары жеңіп алды. Ал Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің палуан жігіттері 3-орынға табан тіресе, алаң иелері – Жәңгір хан университетінің қыздар командасы да осы тұғырдан көрінді. Сонымен қатар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті студенттері Әділбек Сеисов пен Риза Сүлейменова «Үздік техникасы үшін» аталымымен марапатталды. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Елшат Құрбанов пен Павлодар педагогикалық университетінің студенті Гаухар Омар «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын иеленді.
Еске сала кетсек, ЖОО студенттері арасындағы республикалық лиганы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» қолдауымен университетіміздегі «Жәңгір хан» спорт кешені мен БҚО қазақ күресі қауымдастығы, Орал қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйымдастырды.
БҚАТУ медиа орталығы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру

Пікір үстеу