8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2018 2051 0
Дені сау ұлт

Жетістікке толы жыл

Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласына мемлекеттік қазынадан 15,2 млрд. теңге бөлінген. Сала мамандарының таратқан ақпаратына сүйенсек, 2017 жылы өңірде жалпы өлім-жітім көрсеткіші 4,1 пайызға төмендеген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаевтың айтуынша, мемлекеттен бөлінген қаражат толықтай игеріліп, мемлекеттік бағдарламалар жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар өз нәтижесін берген. Атап айтсақ, 2016 жылы екі ана өлімі тіркелсе, өткен жылы бір жағдай орын алған. Нәрестелердің өлім-жітім көрсеткіші 12,2 пайызға төмендесе, қатерлі дертке шалдыққандар саны 3,1 пайызға азайған, өкпе дертіне шалдыққандар бұрынғыша қалып, қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім ғана 2,8 пайызға өскен. Бұл орайда облыстың бас дәрігері денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары қолға алынғандығын да тілге тиек етті.

– 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылды. Яғни 2019 жылға қарай тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа жеткізу мақсаты тұр. Сонымен қатар өткен жылы облыстық клиникалық ауруханаға магниттік-резонанстық томографты лизингке сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, нәтижесінде «Дал Казахстан» ЖШС жеңімпаз атанды. Шыңғырлау ауданы Лубен ауылында ауысымына 35 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаториясына 167,356 млн. теңгеге бағаланған жобаға экономикалық қорытынды алу үшін құжаттар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданды. Қаламыздағы бірқатар қалалық емхананы күрделі жөндеуден өткізу бойынша да осындай жұмыстар атқарылды. Облыстық әкімдікте өткен өзара басқосуда 350 млн. теңгеге компьютерлік томограф сатып алу және қалалық жедел мединицалық стансасын сенімгерлік басқаруға беру туралы ұсыныстар қолдау тапты, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Дүйсенбайұлы.

Жаңа жүйе жұмысты жеңілдетеді

Өткен жылы алғашқы көмек ұйымдастырушы медициналық мекемелерде бұған дейін қолайсыздық тудырған ұзын-сонар кезекті азайту мақсатында шаһардағы барлық емханаларында «Электронды табло» жүйесі енгізілді. Сондай-ақ аталған сала жүйесін ақпараттандыру бойынша жаңа ситуациялық орталықта жедел медициналық басқарудың автоматтандырылған жүйесі жаңғыртылды. Бұған дейін дәрігерлер, медициналық көмек керек жанға 10-15 минут аралығында келетін болса енді межелі жерге 9 минутта жететін болады.Қалалық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Елена Грищенко бұдан былай мереке күндері қосымша алты топтың жұмысқа сақадай-сай тұратынын айтады.

– Мұны жаңа жылдан бастап 7 жаңа көліктің жұмысқа кіріскенімен байланыстырамыз. Техникалар жаңартылып, новигаторлар орналасқан жедел көліктер қызметке кірісті. Барлығы 24 бригада жұмысқа шығады. Кешкісін қосымша тағы алты бригада қосылады. Кешкі 20.00-ге дейін қаладағы 6 емханада өздерінің бригадалары да жұмыс жасайды. Қазір стансада 40 жедел жәрдем көлігі бар. Диспетчерлік қызмет автоматтандырылып, қалалық жедел жәрдем стансасы базасында ситуациялық орталық құрылды. Орталық қала ғана емес, әр аудандағы жедел қызмет топтарының қайда жүргенін бақылап отыруға жағдай жасылды,– дейді Елена Грищенко.

Сондай-ақ өлкеде өткен жылы 19 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткен. Ақ қалатты абзал жандар жұмысының сапасын арттыру жолында өңірде қағазсыз құжат айналымын енгізу бағытында пилоттық жоба қолға алынған. Бүгінде №3 қалалық емхана мен облыстық клиникалық аурухананың терапевтік бөлімшесінде дайындық жұмыстары қолға алынған. Алдағы жарты жылда толық жұмыс осы режимге бағытталмақ екен.

 

Айнұр ҚҰРМАШЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
252 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
515 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
755 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
789 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
944 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1138 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1375 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1458 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1566 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1576 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1604 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1612 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1714 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1934 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2243 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2128 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2241 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»