8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Желтоқсан 2019 1161 0
Қоғам

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

                    Мемлекет басшысы «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.      Әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы енгізілген өзгерістер өте өзекті. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет басшылардың қарамағындағы жұмысшылары үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілді. Бұл туралы БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшыларының дербес жауапкершілігін күшейту» тақырыбында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша  департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев айтып берді.     

 

Департамент басшысының баяндауынша, бұл норма ағымдағы жылғы 20 мамырдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте берілген Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша заңға енгізілді. Бұдан былай мемлекеттік саяси қызметшілер, бұл министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері мен орынбасарлары, аудандардың әкімдері өздеріне тікелей бағынысты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға кетуге міндетті. Заңның жаңа редакциясына сәйкес, басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе оның тікелей бағынысындағы адамға қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға кетуге міндетті.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға жазылады. Отставкаға кету туралы өтінішті қабылдау немесе қабылдамау бұл лауазымға саяси қызметшіні тағайындаған адамның еркінде болып табылады. Саяси емес, А және Б корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын басқа да барлық басшыларға қатысты оларды тікелей бағынысты адамдар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда Заңмен тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу бойынша басшылардың міндеті енгізіледі. Бұл міндетті орындамау немесе тиісінше орындамау басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеп соғады. Бұдан басқа, басшысының жауапкершілігін жүйелі түрде елемеу, өз міндеті бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, өзі басқаратын мемлекеттік орган немесе бөлімшенің ұжымында қолайсыз жағдайға әкеледі.

Яғни, тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамаса да, мысалы, талдау осы мемлекеттік органда немесе қандай да бір нақты облыстық бөлімшеде сыбайлас жемқорлық деңгейі күрт өскенін көрсетсе тиісті басшының тәртіптік жауапкершілік мәселесі қаралатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет уәкілетті орган ретінде бұл мәселелерді белсенді көтеріп, мемлекеттік органдарды басшыларының жауапкершілігін қарауға бастамашылық ететін болады.

Үшінші маңызды жаңалық – нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді енгізу. Бұл механизм заңнамалық және заңға тәуелді актілерді әзірлеу сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен нормаларды анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Яғни, мемлекет сыбайлас жемқорлыққа тағы бір тосқауыл қояды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы жұртшылықтың қатысуымен жүргізу міндетін қойған.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
103 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
158 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
398 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
880 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1258 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1154 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1617 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2233 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2398 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2405 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2456 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2461 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2069 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2941 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2994 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2988 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3601 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3570 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3560 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3536 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3696 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»