ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануына орай Орал қаласы ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы арнайы жастар мәселесіне қатысты жоспар жасақтап, жастарды жұмысқа орналастыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда волонтерлік қозғалысты дамыту, талантты жастардың жобаларына қолдау көрсету, жастарды оқыту бағытында арнайы жобалармен жұмыстануды мақсат етіп отыр.

– Келесі жылы жоспарға сәйкес жұмыспен қамту мәселесін жандандыру мақсатында «Employment for jastar» жобасын іске асыру қарастырылуда. Жоба аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, жұмыс берушілермен кездесулер, жұмыссыз жастарға арналған түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілетін болады. Жастардың кәсіби білімнен басқа бағытта да жетілдіру жұмыстарын жандандыру мақсатында бейімділігі бойынша ағылшын тілі курстары, AutoCad, 1C және т.б. курстарын жүргізу жоспарлануда – дейді орталық басшысы Болтабек Сахиев.
Аталмыш орталық биылғы жылдың ақпанында ашылған болатын. Қазіргі кезде орталық Орал қаласындағы жастарға қатысты мәселелерді шешу бағытында барлық оқу орындарымен және бірқатар кәсіпорындармен өзара әріптестік бойынша меморандумға отырып, жастардың азаматтық бастамаларының, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және спорттық әлеуетінің дамуын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткен басымдықтарды орындау, республика аумағында қолға алынған барлық мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламар мен жобалар бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізуде.
Оқу орындарымен, «Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «KTS-Kaz Trans Service» ЖШС және т.б. мекемелермен жасалған меморандум нәтижесінде оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастар туралы ақпарат жинақталып, база жасалды. Осы бағытта жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Теологиялық бағытта, теріс діни ағымның жетегіндегі жастармен және теріс діни ағымның экстремизмнің алдын алу мақсатында жастарға үстіміздегі жылдың маусым-тамыз айларында мешіттерде, орталық базар аумақтарында кеңестер берілсе, қыркүйек-қазан айларында оқу орындарындағы студенттермен жалпы кездесулер өткізіліп, енді әрбір оқу орнында кесте бойынша жекеленген теологиялық кеңес жұмыстары жүргізілуде.
Жастар арасында белсенді өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында орталық жанынан еріктілер корпусы жасақталған. Жыл басынан бері қаламызда өткізілген «Uralsk Job Fair-2018», «UralskMarathon 2018», «UralskMеdiaForum 2018», «Қала күні» мерекесі, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда ерікті жастар айрықша белсенділік танытып жүр.
Сондай-ақ қазіргі таңда ORLI A.Z. бизнес орталығының 3-қабатында орналасқан орталықтың бір бөлігі жастарға шағын коворкинг орталығы ретінде пайдалануға беріліп, аталған орталық жастардың ой-пікірлерін бөлісуге, өз-өздерін дамытуға үлкен қолдау болып отыр.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу