Жаппай төбелестің соңы…
БҚО Бәйтерек ауданының Шәпов ауылында жасөспірім өзінен бір жас кіші оқушыны ұрып өлтірді. Осыдан бір күн бұрын 8-9 сынып оқушылары арасында төбелестің соңы қайғылы оқиғамен аяқталып, 7 сыныптың оқушысы қаза тапты. Полиция бұл іске кінәлі деп танылған 14 жасар мектеп оқушысын қамауға алды.
Бәйтерек ауданы Шәпов ауылының учаскелік инспекторының айтуынша жанжалға он шақты бала қатысқан. Оның екеуі колледж студенті.
БҚО Полиция департаменті оқиғаның 28 мамыр күнге қараған түні тіркелгенін мәлімдеді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 2008 жылы туған жасөспірім қамауға алынған. Аталмыш дерек бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, жаппай төбелеске қатысқан жасөспірімдер ауылдағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің оқушылары көрінеді.
Айнара ИСА
Өшпенділіктің соңы өлімге апарды. Адамдар не болып барады?! Ауруханада көз жұмған жеткіншектің обалы кімге?! Ата-анасына қайғыра көңіл айтқанмен, өкініштің орны енді қайтіп тола ма?! Бұл мәселеге алып-қосарыңыз болса, пікір қалдырыңыз, оқырман?!
«Жайық Үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру
Пікір үстеу