8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1619 0
Дені сау ұлт

«Жанды» кезек қашан жойылады?

Бүгінде денсаулық саласында бірқатар өзгерістер орын алуда. Солардың бірі ­­­─ емханалардағы электронды кезек. Пилоттық жоба ретінде енгізілген жаңа жүйеге емделушілер де, емхана қызметкерлері де әлі үйренісе алмауда.
Дәрігерге жазылу жүргізіледі

Әрине, әрбір тың өзгерістің бастапқыда халық арасында дүрбелең туғызатыны жасырын емес. Емханалардағы электронды кезек мәселесінің де тұрғындарды осындай абыр-сабыр күйге түсірген жайы бар. Түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары М.Аймұрзиеваның айтуынша, «Электронды кезекті басқару жүйесі» емдеу мекемелеріндегі кезекті азайтуға септігін тигізбек. ­─ Электронды кезек электронды жүйе арқылы реттеледі. Емделушілер тарапынан түрлі шағымдар түсуде. Кейбіреулер терапевт-дәрігерге қаралмай немесе алғашқы тексерілуден өтпей, тікелей тар шеңберлі мамандарға талон алуға тырысып, қабылдаудың ережелерін түсінбейді. Дегенмен, дәрігердің қабылдауына талон арқылы келгендер уақтылы кіреді. Терминалдардағы жүктемелерді азайту үшін жақын арада мобильдік нұсқа іске қосылады, ­─ деді Мәншүк Құдайбергенқызы. Айтуынша, дәрігерге жазылу «Қазмединформ» (пациенттің электронды медициналық картасы) жүйесімен интеграцияланған. Талон алу үшін арнайы түймені басып, ЖСН енгізу арқылы емделуші қабылдау уақытын және қай бөлме екенін біле алады. Жазылу бойынша талон он минут қалғанда беріледі. Демек, дәрігердің қабылдауына жазылған адам сол уақытқа келуі тиіс. Алдын ала келіп, талон алып, уақытынан бұрын кіруге тырысуы қисынсыз. Сонымен бірге электронды кезек жүйесіне қазақ және орыс тілдері енгізіліпті. Тілді таңдау емделушілердің өз құзырында.

«Кезең-кезеңмен жүзеге асуда»
Жаңа жүйенің енгізілу барысын білу мақсатында алдымен №3 қалалық емханаға бас сұқтық. Төменде орнатылған екі терминал да жұмыс жасап тұр. Келушілерге мамандар қызмет көрсетіп, талон алуға көмектесуде. ­­─ Бұл пилоттық жоба болғандықтан, әзірге толықтай енгізілген жоқ. 2016 жылдың желтоқсан айынан бері электронды кезек жүйесімен тестілік режімде жұмыс жасаудамыз. Электронды кезек енгізілгенімен, дәрігердің қабылдауына жазылу жүргізіле береді. Электронды жүйе кезекті реттейді әрі халықты тәртіпке үйретеді. Қазір кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда, ­­─ деді емхана директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Әлия Жәлелова. Электронды жүйеге алдымен учаскелік дәрігерлер, тар шеңберлі мамандар, бөлім меңгерушілері қосылған. Енді ем-дом алу бөлмелері мен лабороторияларға электронды кезек енгізілуде. ҰОС ардагері, мүгедектер, ауыр науқастар секілді жекелеген санаттар бойынша емделушілер кезексіз қабылданады.

Таблодағы «жылжымайтын кезек»

Қаладағы №6 емханаға да электронды кезек жүйесі біртіндеп енгізілуде. Емдеу мекемесінің басшысына кірмес бұрын жалпы тәжірибелік дәрігерлердің (терапевт) емделушілерді қабылдау тәртібін сырттай бақылап көрдік. Келушілердің қолында талондары болғанымен, электронды табло жұмыс жасамай тұрды. Сондықтан олар кезекпен кіріп жатты. Бір жақсысы, «жанды» кезекке үйренген тұрғындар ешқандай айқай-шу шығармады.
Қолы босаған сәтте газет тілшісіне сұқбат берген емхана директоры Ғизатолла Лямов: ─ Электрондық жүйені енгізу үстіндеміз. Бірқатар бөлмелерге әлі енгізілген жоқ, ─ деді. Біз куә болған жалпы тәжірибе дәрігерлері тестілік режимдегі жаңа жүйені қолданатынын мәлімдеді. Жүйелік оператор Артур Жұманғалиев терапевт мамандардың қабылдау кестесіне электронды кезек енгізілгенін растады. Ал көз алдымызда болған көрініс әлгіндегідей…
Бұдан соң Ғизатолла Темірұлымен бірге мекемені араладық. Осы сәтте өлі тыныштық орнаған емхана ішіне жан бітіп, кейбір электронды таблолар жұмыс жасай бастады. Дәрігерлер де компьютерге қосылған жүйені реттеуге кірісті. Талон берілетін терминалдар І және ІІ қабатқа қойылыпты. Төменгі қабатқа емделушінің  учаскесінің нөмірін анықтауға арналған карта ілінген. Жуырда Круглоозерный, Зашаған елді мекендері әкімдерінің есептік кездесулерінде медициналық қызметке қатысты бірқатар сауалдар қойылғаны белгілі. Емхана директоры тұрғындардың тілегі ескерусіз қалмай, жұмыстанатынын жеткізді.

Салада жаңалық мол
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы бойынша клиникалық фармакологтар оқытылуда. Олар дәрі-дәрмектердің нұсқаулығын, дәрігерлердің нұсқауын қадағалайды. Мемлекеттік сатып алуды бақылайды, тегін дәрілік заттардың берілуін бақылауда ұстайды. Келер жылдың жаңалығы ─ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі. Өңірімізде бұл жүйені түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. ­─ Өткен жылдың мамырынан бастап осы мәселе бойынша өңірлік және аудандық штабтар үшін оқу семинарлары өткізілді, ─ деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Аймұрзиева.
Сапа жақсарса, халық арасында түсініспеушілік те туындамайды. Ақ халаттылар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараса, емделушілер де ақылы медицина мекемелерін жағаламас еді. Электронды кезектің тұрғындарға ыңғайлы екені сөзсіз. Емделушілер арасында түрлі пікірлер туындаса да, бұл әзірге тестілік режімде енгізілген өзгеріс деп өзімізді жұбаттық. Біздің мақсатымыз ─ денсаулық сақшыларының жұмысын қаралау емес. Дертіне дауа іздеп келген жандарға медициналық қызмет сапалы көрсетілсе дейміз.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,
amir_2000kz@mail.ru
Асылай БЕКМАНОВА, қала тұрғыны: ─ Мен тұрғылықты мекенжайым бойынша №3 емханаға барып тұрамын. Жыл басынан бері дәрігерлердің қабылдауына электронды кезекпен кіреміз. Кейде электронды таблолар жұмыс жасамай қалады. Мұны емхана қызметкерлері жаңа жүйенің толық іске қосылмауымен түсіндіріп, жанды кезекпен қабылдайды. Негізінен электронды кезек біріздендірілсе, емделушілерге қолайлы болар еді.
Жақсылық ТӨЛЕУТАЕВ, Зашаған кентінің тұрғыны: ─ Таяуда №6 емханаға педиатрдың қабылдауына қызымды алып бардым. Терминал арқылы талон алғаныммен, электронды таблоның жұмыс жасамай тұрды. Сол себепті кезекпен кіруге тура келді. Емделушілердің бірі электронды жүйемен қабылдауды талап еткеннен кейін ғана табло іске қосылды. Емханадағы осындай салғырттықтар жойылса екен.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
143 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
329 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
583 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
663 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
767 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
774 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
795 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
810 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
910 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1136 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1451 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1333 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1441 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1434 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1561 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1607 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1553 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1562 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1670 0
Қалалықтар қаперіне
Тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуде
30 Наурыз 2024
2127 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»