8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2020 4641 0
Өзек

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН ЖУРНАЛИСТ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛУДА

Оралдық жорналшы Мария Мельникованың үстінен ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Жалған ақпарат таратқан жорналшының басы дауға қалды. 25 наурыз күні шамамен түске дейін Оралдық журналист Мария Мельникова өзінің фейсбук парақшасына Ораталық Абай алаңындағы «Абай ескерткіші алынып тасталған» деген ақпарат таратқан. Азаттықтың оралдағы меншікті тілшісі саналатын келіншектің мұндай жалған ақпаратты таратуына не себеп болды? Ол өзінің бұл әрекетінен ешқандай қателік деп санамайды.

– Мен өз тарапымнан ешқандай қоғамға зиянын келтіретіндей қауіпті ақпарат таратқан жоқпын. Жай ғана суретке түскенде Абай ескерткіші көрінбейді. Мен соны ғана айтқым келді. Ал ақпаратты алып тастаймын дегенде полиция қызметкерлері келіп, тергеуді бастап кетті. Қазір мен адвокатыммен келіп құқығымды қорғаудамын, – дейді ол.

Төртінші билік өкілі саналатын оның суреттегі кадрларына назар аударар болсақ, ескерткіштің арғы жағынан қалалық әкімдік ғимаратын түсіріп тұрғандай әсер қалдырады. Қазіргі уақытта орталық алаңда жаңғырту жұмыстары басталған.

БҚО ПД Баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібековтың айтуынша, бұл дерек бойынша ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған. «Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адамға қатаң жаза қолданылады. Яғни төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында сондай-ақ соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Басқа балама жаза қарастырылмаған, – деді Болатбек Еркебұланұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
98 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
135 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
403 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
423 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
397 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»