8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2018 3789 0
Жалын

«ЖАЙЫҚ ҮНІН» ЖИІ ОҚИМЫН

Шәкірттерімнің әр жетістігін жұртшылықпен бөлісуге үн қосып, жеңісімізді еселеуге атсалысып жүрген «Жайық үні» газеті. Әр шыққан белесімізге қуана білген басылымның болғаны біз үшін мақтаныш.

2007 жылы Құрманғазы атындағы музыкалық колледжге алғаш студент болып келгеннен «Жайық үнін» сүйіп оқимын. 2011-2015 жылдар аралығында Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетін бітірген соң  өзім түлеп ұшқан Құрманғазы колледжіне «халық аспаптары» бөліміне домбыра сыныбының оқытушысы болып жұмысқа тұрдым. Осы арадағы үш жыл ішінде газеттің тұрақты оқырманына айналдым. Колледжіміздің басшысы Нұржан Сертековтің өзі бастап, «Жайық үніне» жазылып келеміз. Ақпаратты интернеттен-ақ оқуға болады. Бірақ, газеттің жөні бір басқа деп білемін. Шаһар тынысы, жақсы адамдардың шарапаты, өңірге келген белгілі адамдармен сұхбаттардан ой көкжиегімізді кеңейтер мағлұматтар алып отырамыз. Алдағы уақытта да газеттің оқырманға жеткізері мол деп сенемін. Жастардың белсенділігі, олардың қоғам дамуына қосар үлесі туралы көбірек оқығымыз келеді.

2019 жылға жазылу науқаны жарияланған бойда газет редакциясына келіп, бір жылға жазылдым.  Жерлестерімді де газетке жазылуға шақырамын. Қаламыздың төл басылымы «Жайық үнінің» таралымын көбейтуге атсалысайық.

Олжас ЖАНАЛИЕВ,

Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы, республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
103 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
138 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
405 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
425 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»