ЖАҢАРҒАН КІТАПХАНА
«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 26 қыркүйек күні Оралда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің күрделі жөндеуден өткен №6 кітапхана-филиалы ашылды. Бұл шараға қала әкімі Абат Абайұлы, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Жұбан Молдағалиев пен ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің мерейтойына орай осы күні өңірге келген кино және театр актері, режиссер, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы-журналист Мереке Құлкенов, Жұбан Молдағалиевтің жары – Софья Молдағалиева отбасымен, Қадыр Мырзалиевтің жары – Салтанат Мырзалиева және өңірдегі мәдениет саласы өкілдері қатысты.

Жаңа рухани қазына орталығының ашылуымен құттықтаған ҚР Жазушылар одағы Төрағасының орынбасары, жазушы-журналист Мереке Құлкенов Жұбан ағаның 100 жылдығы мен Қадыр ағаның 85 жылдық мерейтойында кітапхананың ашылуының маңыздылығын атап өтті және оқырмандарының көп болуын тіледі.
– Қазір кітап көп, жақсы, ойлы кітаптар баршылық. Бірақ, оқырман азайып барады. Сондықтан осы кітапхана кітапсүйер жандардың қатарын көбейтуге қызмет етсе екен деген тілегім бар, – деді Мереке Әбдешұлы.
Кітапхана ісінің шебері, мәдениет саласының ардагері Роза Исатаева ақылдың кені болып табылар кітапханаларға көңіл бөлу – халықтың руханиятына көрсетілген қамқорлық екенін атады.
– Өмірдің өзі кітаптың рухани байлық екенін дәлелдеді. Әр адамға рухы мықты болуы үшін әдебиет керек. Ол – кітапханада. Оқырмандар осы жаңартылған кітапханада жаңа әдебиеттермен қауышып, өз білімі мен мәдениетін көтеру үшін күш-қуат жинайды деп сенемін, – деді Роза Жақияқызы.
Жаңғырған кітапхананың лентасын қию құрметі қадірлі қонақтар Софья Молдағалиева мен Салтанат Мырзалиеваға ұсынылды. Кітапханаға енген меймандарға Жұбан Молдағалиевке және Қадыр Мырза Әлиге арналған кітап көрмелері және кітапхананың жұмыс барысы таныстырылды.

Айта кетейік, Рухани қазына орталығын жаңғыртуға қазынадан 46 млн. теңге бөлінген. «Қазақстан Гига Трейд» ЖШС үш ай бойы ғимаратқа толықтай күрделі жөндеу жүргізіп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті. Осылайша, Орда көшесі, 4 мекенжайындағы кітапхана пайдаланушыға ыңғайлы, қолжетімді, көпфункционалды ақпараттық интеллект орталығы ретінде қайта жаңарып отыр. Кітапхана-филиалының меңгерушісі И.Ілиясованың айтуынша, мұнда оқырмандарға кітапхана саласы бойынша электрондық ресурстардың жаңа формалары ұсынылады.
Бұл кітапхананың ерекшелігі – web-rabis бағдарламасы бойынша қызмет көрсетілмек. Яғни оқырмандарға бұрынғыдай формуляр жүргізілмейді. Кітапханадағы кітаптар штрих-код арқылы осы базаға енгізілуде. Оқырмандардың деректері де электрондық базаға енгізіліп, оқырман билеті берілмек. Сол билеттегі штрих-кодты сканерлеу арқылы олардың деректері жүйеге сақталады. Бұл кітапхана қорындағы кітаптың қай уақытта кімнің алғанын көруге мүмкіндік береді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді
Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды
Эксперт: миссия Курултая – согласовывать партийные ценности и национальные интересы
Бүгінде Құрылтай жаңа мазмұнға ие болып, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық пікір алмасудың маңызды алаңына айналды
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел экономиканың әртүрлі салаларында еңбек етуде
Жаңақала ауданында «Заң мен тәртіп – әділетті қоғам кепілі» форумы өтті
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы
Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті
Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды

Кіру
Пікір үстеу