Жүргізуші неге асықты?..
Кешеден бері Ақ Жайықтың мұғалімдері жайлы қайғылы хабар тарауда.
Ажалға себеп-баяғы жол апаты. Асығыстық! «Самара-Шымкент» автожолы бойында «Лада Ларгус» автокөлігі «DAF» жүк көлігімен соқтығысып, төрт мұғалім мерт болғаны белгілі.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Орал қаласындағы №47 мектептің педагог-дефектологы, Бәйтерек ауданы Новенький мектебінің дефектологы және Казталов ауданы К.Меңдәлиев атындағы мектептің логопеді оқиға орнында тіл тартпай кетсе, Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы ауруханада дүниеден өткен.
Сонымен қатар, Орал қаласындағы №5 орта мектепте логопед болып жұмыс істейтін 27 жастағы қыз және Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған мектеп-бөбекжай-балабақшасының педагог-дефектологы, 46 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Белігілі болғандай, Ақтөбеде білімін шыңдап, диплом алуға бара жатқан төрт мұғалім осылайша өмірден бір-ақ сәтте озды.
Жол қателікті кешірмейді. Сақтық шараларын ұмытпайық бауырлар!
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру
Пікір үстеу