8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1373 0
Дені сау ұлт

«Жүректің қайта оянуы – ерекше құбылыс» №34 25.08.2016

Облыстық кардиологиялық орталықтағы кардиохирургия бөлімшесі 2009 жылы ашылыпты. Оған дейін жүрегі сыр берген тұрғындарды дәрі-дәрмекпен емдеп келген орталық мамандары қажетті жағдайда жүрекке түрлі оталар жасауға қол жеткізген. 2010 жылдан бастап батысқазақстандық кардиохирургтер науқастарға Ресейдің Самара қаласынан келген әріптестеріме    н бірге ота жасаған. Ал 2012 жылдан бері орталық хирургтары өздері ота жасап, көптеген жанның жүрегіне өмір сыйлап келеді. Солардың бірі – дәрігер-кардиохирург Ерлан Оразымбетов. 

«Болашақ» бағдарламасының түлегі

Ақ Жайыққа қызмет бабымен келген ІІ санатты дәрігер-кардиохирург кардиологиялық орталықта 2011 жылдан  бері жұмыс жасайды. Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы сол жылы Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін хирург мамандығы бойынша тәмамдаған. Жас маман жанұясымен бірге Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының шақыртуымен келген. Өзі облыстық клиникалық орталыққа, зайыбы  диагностикалық орталыққа жұмысқа орналасқан.  Келісімшартқа отырып, мемлекеттің қолдауымен жұмысқа орналасып, баспаналы болған жас отбасы осылайша алаңсыз жұмыстарына кіріскен. – Төрт ай облыстық клиникалық орталықта жұмыс жасап, кейін осы кардиологиялық орталыққа ауыс-тым. Алдымен екі апта Самарадағы кардиологиялық диспансерде тағылымдамадан өттім. 2012 жылы ақпан айында мені кардиохирургия бойынша Алматыға бес айлық курсқа оқуға жіберді, – деп әңгімесін бастады кейіпкеріміз.

Қашан да ізденіспен еңбектеніп, алға ұмтылатын Е.Оразымбетов 2014 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанады. Жас маман Оңтүстік Кореяның Пучон қаласында балалар және ересектер кардиохирургиясы бойынша үш ай тағылымдамадан өтеді. – Осы сапар барысында ең соңғы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген Седжонг госпиталінде  болдық. Оңтүстік Корея мемлекетінен мол олжамен оралдым, үлкен тәжірибе жинақтадым. Жүректегі аппаратпен жұмыс жасау барысын үйрендім, туабітті жүрек ақауларымен дүниеге келген сәбилерге жасалған оталарды өз көзіммен көрдім, – деді ол.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
83 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
263 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
303 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
580 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
592 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
718 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1020 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1112 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1139 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1351 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1621 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1846 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1886 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2032 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2231 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»