ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН ОТАНДЫҚ ЖОО ТҮЛЕКТЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫСЫ 118 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ЖОҒАРЫ
Отандық жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа тұрған кездегі алғашқы орташа еңбекақысы 118 мың теңгеден асты. Бұл туралы Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін қорытындылауға орай өткізген баспасөз-конференциясында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтты.
«Атамекен» рейтингі республика бойынша түлектердің жұмысқа тұру деңгейі 71 пайызды құрайтынын көрсетті. Соның ішінде 58 пайызында тұрақты зейнетақы төлемдері бар, ал түлектердің орташа айлық еңбекақысы 118 893,76 теңгені құрады», – деп атап өтті Олжас Ордабаев.
Спикердің айтуынша, Ұлттық палата және ҚР БҒМ рейтингті дайындаған кезде ата-аналар мен талапкерге ыңғайлы болуын көздеген. Рейтинг түлектің жұмысқа орналасу деңгейі, жұмысқа тұрған алғашқы жылындағы орташа еңбекақысы және білім сапасы сияқты параметрлерге сүйеніп жасалған. Сонда талапкерлер мен ата-аналар рейтингке қарап, елдің жоғары оқу орындарының ішінен ең жақсы оқу орнын таңдай алады.
2020 жылы еңбек нарығындағы жағдай күрделеніп, соның ішінде енді ғана диплом алған жас мамандар үшін де қиындау болды. «Атамекен» жүргізген талдау деректеріне сәйкес, түлектердің жұмысқа тұру деңгейі 50 пайыздан (2729 адамның 1585-і жұмысқа тұрмаған) төмен 61 жоғары оқу орны анықталған.
«Алайда, карантин шаралары кезінде еңбекпен қамтуға талдау жүргізгенде мынадай нәтиже шықты: ІТ-саласындағы мамандық түлектерінің еңбекке тұруы 24 пайызға, сонымен қатар кеден ісі және қоғаммен байланыс мамандықтарындағы түлектердің жұмысқа тұру деңгейі 20 пайызға артқан», – деді Олжас Ордабаев.
Сондай-ақ ТЖ режимі кезінде түлектердің жұмысқа тұру деңгейі жеңіл өнеркәсібінде 13 пайызға, мал шаруашылығында 9 пайызға және туризм саласы, мейрамхана және қонақүй бизнесінде 4 пайызға төмендеген.
Екінші жыл қатарынан аграрлық бағыттағы түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа тұру көрсеткіші төмендегені байқалады. Жолдама бойынша 1045 түлек бітіріп, соның 4 пайызы ғана мамандығына сәйкес жұмысқа орналасқан. Өткен жылы бұл көрсеткіш 11 пайызды құрады. Медициналық бағытта грант бойынша білім алған түлектермен салыстырып қарасақ, медицинаны бітіргендердің 83 пайызы мамандық бойынша жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Олжас Ордабаев әлеуетті жұмыс берушілерді рейтинг жасауға атсалысуға шақырды.
«Биыл біз сарапшылар базасын кеңейтіп, өңірлік ірі бизнес өкілдерін рейтинг жасауға қатысуын сұраймыз. Қазақстандық жоғары білім беруді дамытуға үлес қосуға шақырамыз және бізге еңбек нарығының бүгінгі нақты қажеттіліктері бойынша кері байланыс берсеңіздер дейміз. Ол үшін Палатаға жүгіну керек, жалпы қатысу механизмі қиын емес, бірақ сіз рейтинг жасауға қатыссаңыз, пайдасы көп болады», – деп атап өтті Олжас Ордабаев.
Еске салайық, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Атамекен» ҚР ҰКП төртінші жыл қатарынан жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізіп келеді. Рейтинг аясында білім беру бағдарламаларының 68 тобы қамтылды, 2000 бағдарлама бағаланды, 68 000 түлектің маңсаптық перспективасы талданды. Зерттеуге 600 сарапшы қатысты, нәтижесінде 108 жоғары оқу орны бойынша 6000 сараптамалық қорытынды алынды. Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді, оның ішінде: жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы және олардың орташа жалақысы, бітіргеннен кейін жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ бағдарламалардың өзектілігін бағалау бар.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу