8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2020 2021 0
Қоғам

«ЖҰЛДЫЗДЫҢ» ЖАНАШЫРЫ

  Жанна Жанғалиеваны «жұлдыздықтар» жақсы біледі. Өйткені, біздің кейіпкеріміз – шынашақтай ғана қазақтың қызы дархан даладай кең пейілді жомарт жүрегін жалау етіп, тұтастай бір шағынаудан тұрғындарының жанашыры болып жүр. Қала іргесіндегі аталмыш шағынауданның еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін Жаннаның жарасымды істеріне куә.    

«Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата-салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да бірге жұмылып, елге қызмет ету»  деген Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаев ағымдағы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Жолдауда аталып өткендей, азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін мойындауымыз керек. Бүгінде күн санап оған көзіміз жетіп келеді. Сол ерікті жандардың бірі – Жанна Тілекқызы.

Кейіпкеріміз Теректі ауданы Ақжайық ауданының тумасы. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Агроэкология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын Ақсай қаласында «Қазгидрометте» эколог болып бастайды.

                                                                                      Ауданның чатын ашты

Ерлан мен Жаннаның қалаға қарасты «Жұлдыз»  шағынауданына қоныс аударғанына жеті жыл болған. Сол кезден-ақ Жаннаның ел игілігі жолындағы ерікті қоғамдық жұмысы басталды. Аудандағы түрлі жайттарға бей-жай қарамай, әр тұрғынның мәселесіне жанашырлықпен араласып, бәрін өз бауырындай көріп кетеді. Сөйтіп осыдан төрт жыл бұрын әлеуметтік желіде «Жұлдыз тұрғындары» чатын ашады.

– Шағынаудан тұрғындарының әрқайсысының мәселесі маған етене таныс. Бәріне туғанымдай қарайласқым келеді. Бұл чатта 100-ден аса азамат бар.  Ортақ арнада жалпы аудандағы өзекті мәселелерді талқылап, ортаға саламыз. Мәселен, шашылған қоқыс, асфальтталмаған көшелер, жарықтандыру, қаңғыбас иттер, ауыл іргесіне төгілетін септик суы секілді мәселелер әуелі өз ортамызда сараланып, одан кейін халықтың атынан округ депутатының, қала әкімінің қаперіне салып, тиісті шара қолдауларын сұраймын. Өзге де ауданда орын алған келеңсіз жайттар бойынша учаскелік полицейлердің көмегіне жүгінемін. Қазір мені қала әкімдігі ашқан чатқа №7 учаскеден, яғни «Жұлдыз» ауданы тұрғындары атынан қосып қойды, – деген ауыл белсендісі тұрғындардың шалт тұрмысы үшін атқарып жүрген жұмысын еш бұлдаған емес. Тек «халқыма, еліме титтей де болса пайдам тисе екен» деген ұстанымды мақсат етеді.  Тіптен, жиі тілсіз жаудың зардабын тартатын ауыл шетіндегі тоғайдың да жағдайына алаңдайтын Жанна дереу өрт сөндірушілерді шақырып, өз атынан арыз жазып, бәйек боп жүргені. Сондай-ақ кейіпкеріміз аталмыш чатта тұрғындардың игілікті тұрмысы үшін жарнама жасауына рұқсат еткенін айтады. – Мысалы, чатта бір тұрғын «мен терезе жасаймын», бірі «нан пісіремін», «түрлі тәттілер дайындаймын, маска сатамын, тігін тігемін» деген секілді жарнама салады. Немесе біреудің дүниесі жоғалады. Ондай жағдайда чаттың көмегі зор. Өзгелерге көмегім тигеніне шынайы қуанамын. Кейбіреулер, «қоғамдық жұмысқа неге жаныңды саласың, саған ешкім жалақы төлемейді» деген әңгімелер айтады. Қателеседі. Өзгелерді қуанту арқылы, жаным нұрланады,  – дейді ауыл жанашыры.

                                                                              Сауапты іске шақырды

Иә, волонтерлік – «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет ету. Жақында Жаннаға көпбалалы ана хабарласып, телефонын тұрғындардан алғанын айтып, көмек сұрайды. Ол дереу ойланбастан,  чатқа жазып, халықты жұма күні сауапты іс жасауға шақырады. Тұрғындар да қоғам белсендісінің ұсынысын жерге тастамай, әркім мүмкіндігінше көмек беріп, ауылдағы «Дулат» дүкенінен керекті дүниелерді сатып алып, көпбалалы ананың сәбилерін қуанышқа бөлейді. Сондай-ақ Жанна қазіргі қашықтан оқыту кезеңінде ауылдағы ғаламторға қосылуға мүмкіндігі жоқ отбасыларға да, көмекке мұқтаж жандарға да көмектесіп, халықты жақсылық жасаудан жарыстыра білді.

                                                                       Нағыз игі іс жасалды

– Жақсы ниетті жалғыз-жарым іске асыру қиын. Бұл жолда көптің көмегі, ортақ іске ұйысқан ауызбіршілігі ауадай қажет. «Жұлдыз» тұрғындары ұйымшыл. Қиналған жандарға сүйеу бола біледі. Бір-бірін қолдайды. Сол үшін қуанамын. Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы өкілдері көшелерді аралап, азық-түлік үлестіріп жүр. Қолдарында арнайы тізімі бар. Бірақ, барған үйлері шын мәнінде көмекке мұқтаж емес болатын. Содан көзім көріп тұрғасын, шыдай алмай жандарына барып, «шынайы көмекке мұқтаж отбасыларға барайық» деген ұсынысымды білдірдім. Олар да қуана келісті. Көшелерді бірге аралап, көмекке зәру жеті жанұяға апардық. Расында, қателеспеппін. Пәтер жалдап қиналып жүрген отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар риза болып, алғыстарын жаудырды. Нағыз игі іс жасалды, – деген Жанна ауыл тұрғындарының жағдайын «бес саусағындай» білетінін бұл жолы да дәлелдеді.

Қазіргі таңда Санжар, Сәмина, Ерназар есімді үш баланың анасы бала күтімімен декреттік демалыста үйде отыр. Жұбайы Ерлан «Фасад-Оптима» мекемесінде қойма меңгерушісі болып еңбек етеді. Ол да Жаннаның қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуына қолдау білдіреді.

Мемлекет басшысы «Еріктілер жылы» қазақстандықтар адамдарға шын ниетімен көмектесіп, оны науқанға айналдырмау қажеттігін баса айтқан болатын. Бүгінде әлемдік пандемияға арналған коронавирус індеті кезінде де еріктілердің игілігін айтарлықтай көріп жатырмыз. Ешқандай науқансыз-ақ халыққа өз көмегін ұсынып жүрген Жаннаның келешектегі қадамдарына біз тек сәттілік тілейміз.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
138 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
191 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
475 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
485 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
613 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
913 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1005 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1033 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1244 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1510 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1739 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1777 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1925 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2123 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2345 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»