Қызылшаға байланысты аурушаңдық өсуде
Батыс Қазақстан облысында қызылша, жіті респираторлық вирустық инфекциямен және тұмаумен сырқаттану жағдайы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрлыбек Ермекұлы мәлім етті.
Спикердің айтуынша, облыста қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз деп сипатталып, аурушаңдықтың өсуі байқалады.
Өткен 2023 жылдың басынан қызылшаның 477 жағдайы расталды, ағымды 2024 жылда 48 жағдай тіркелуде.
Облыста аурушандылық Бөкейорда және Жәнібек аудандарынан басқа, барлық аудандарда тіркелді.
Жас құрамы бойынша:
– 1 жылға дейін – 7 жағдай;
– 1 жастан 4 жасқа дейін – 16 жағдай;
– 5 жастан 14 жасқа дейін – 8 жағдай;
– 15 жастан 18 жасқа дейін – 4 жағдай;
– ересек тұрғындар арасында – 13 жағдай.
Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес, 6 жасқа дейінгі балалар иммунитетті қамтамасыз ететін және мүгедектіктің алдын алатын жұқпалы ауруларға қарсы негізгі 10 екпе алуы керек. Алайда, бірнеше жыл ішінде вакцинадан бас тарту санының өсуі тенденциясы байқалды, бұл ауруларға қарсылық жоқ иммундық қабаттың пайда болуына әкеледі. Бұл адамдар қызылша мысалындағыдай денсаулығына байланысты вакцинацияланбайтын балаларда инфекцияны тудыруы мүмкін.
Қызылшаның арнайы емі жоқ, тек екпе алу арқылы ғана қызылшадан қорғануға болатынын тұрғындардың есіне саламыз.
Қызылшаға қарсы вакцина Ұлттық иммундау күнтізбесіне енгізілген. Балаларға қызылшаға қарсы егу 1 жаста, ал ревакцинация 6 жаста жүргізіледі, екпеден кейін инфекциядан қорғайтын иммунитет пайда болады.
Тұрғындарға өздігінен ем қабылдамай, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескертеміз.
Сонымен қатар, балаңыздың қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеруді, егер балаңыз кейбір себептермен қызылшаға қарсы екпе алмаған болса, ауыр асқынулар мен аурудың салдарының алдын алу мақсатында, жергілікті емханаға барып, екпе алуларын сұраймыз.
Батыс Қазақстан облысындағы жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай өткен эпидемиологиялықмаусымымен салыстырғанда 50,3% жоғарлады.
1 қазаннан бастап ЖРВИ-дің 98633 жағдайы тіркелді, солардың арасынан 14 жасқа дейінгі ауырған балалар саны–64,1 % құрады.
2023-2024 эпидемиологиялық маусымда тұмауы вирусының А түрі (H3N2) және тұмауға қарсы емес вирустардың айналымы анықталды.
Тұмаудың 72 жағдайы тіркелді, барлық жағдайлар А H3N2 түрі. Тұмаумен науқастардыңауруханаға жатқызылған саны – 54, қалған жағдайлар амбулаториялық емде.
Тұмау тәрізді емес вирустардан парагрипп, РС вирус, аденовирус, риновирус анықталды.
Білім беру ұйымдарында оқушылар арасындағыинфекциялардың күрт өсуі мен таралуының алдыналу мақсатында келесі шараларды орындаудыұсынамыз:
– санитайзерлердің, дезинфекциялау және жууқұралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету, оқушылардың жеке гигиена ережелерін сақтауын;
– үй-жайларды жиі желдетуді, ылғалды жинаужәне дезинфекция жұмыстарын жүргізуді;
Жұқпалы аурулар тіркелген жағдайда білім беру объектісінің медицина қызметкерінің педагогтерді, персоналды және білім алушыларды күнделікті «кіру» сүзгісінен өткізу, болмаған жағдайда ішкікестеге сәйкес кезекшілер арқылы жүргізу; респираторлық инфекция белгілері бар адамдардың(жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37 градустан жоғары) білім беру ұйымдарына кіруіне жол бермеу жұмыстарын жүргізуі керек.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру