8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Маусым 2017 2184 0
Дені сау ұлт

Қызметіне адал медбике

Өзінің 30 жылдық өмірін медицина саласына арнаған Балым Шадманова бүгінде қаламыздағы №3 емхананың функционалды-диагностика бөлмесінің мейіргері қызметін абыроймен атқарып келеді. 

№3 емхананың емделушілері Балым Отарқызын өте жақсы көреді. Жылы шырайлы, ашық мінезді мейірбике қан қысымы көтеріліп, жүрегі мазалаған жандарды емдейтін ол осындай ақ көңіл мінезімен 30 жылға жуық ақ халатына кір жұқтырмай еңбек етіп келеді.

Кейіпкеріміз 1967 жылы Ақжайық ауданының Алғабас ауылында қарапайым жанұяда дүниеге келген. Отбасындағы үш ұл, үш қыздың бесіншісі. Әкесі Отар – шаруашылық қамымен үнемі сыртта жүрсе, аналары үй шаруасында болыпты. Балымның медицина салысына келуіне туған әпкесі себеп болған. Бала кезден әпкесіне еліктеп, сол сияқты дәргер болуды қалаған екен. 1984 жылы орта мектепті аяқтаған соң, Орал медициналық колледжге оқуға түседі. 1988 жылы оқуын аяқтап, еңбек жолын жолдама бойынша қалалық перзентханада акушерліктен бастайды. Кейін қызметін №1 емханаға ауыстырады.

– Емханадағы қызметім де әйелдер денсаулығына қатысты болды. Уақыт өте 1999 жылы қазіргі 1 және 3 емхананы қосып отбасылық дәрігерлік амбулаторияға айналдырды. Бірінде үлкендерді, екіншісінде балаларды қарайтын. Сол уақытта мен осы емханаға келіп қалдым. Содан бері емделушілердің жүрек қағысын тексеріп келемін, – дейді Балым Шадманова.
15 жылдан бері жүрек ауруының себебін зерттеп келе жатқан маман кейінгі кезде жүректің шаншуы жасарып бара жатқанын айтады. Мәселен, 2000 жылдары №3 емханада кардиологтың есебінде тұрғандар 400-дей болған екен. Ал қазір олардың саны еселеп арта түскен.

– Соңғы жылдары қан айналымы жүйесі аурулары, оның ішінде жүрек қан-тамырлары ауруы әлемдік деңгейдегі эпидемия сипатына еніп келеді. Алаңдайтын мәселе – мұндай аурулар бұрынғы тәжірибеде тек ересек адамдарға тән болса, қазір науқастар жасарып барады. Жүрек ауруларымен қоса, жастайынан қан қысымы ауруына шалдығатын адамдар саны да көбейіп отыр. Жастардың арасында шылым шегушілер көп. Ал шылым кез келген аурудың басты себебі. Сондай-ақ жасөспірімдер энергетикалық сусынға құмар. Құрамында неше түрлі қоспасы бар жасанды сусын да жүрекке салмақ түсіреді, – дейді жоғары санатты медбике.

Әйткенмен, дер кезінде тексеріліп, көмек алса, қан қысымынан, жүрек ауруынан болатын кеселдің жолын кесуге болады. Еліміздегі медицинаның дамуы жүректі тәулік бойы қадағалауда ұстауға болатын соны құрылғыларға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұрын жүрек қағысы тек сол сәттегі жүректің электрлік құбылыстарын жазып алу арқылы зерттелсе, қазір пациенттің жүру кезінде, таңертеңгі, кешкі уақыттардағы қан қысымы мен жүрек қағысын толық бақылауға болады.

– Жаңа аппараттар бізге 2012 жылы алынды. Тәуліктік жүректің электрлік құбылыстарын сараптау құрылғысын науқасқа тағып жібереміз. Ол күнделік жүргізеді. Сол арқылы біз жүректің қандай жүктеме кезінде құбылатынын нақты біле аламыз. Cardio Soft тредмил жүйесіндегі зерттеулер коронарографияға жолдау барысында тұлғалардың жүктемеге деген гипертензивтік әсерін анықтауға, жүрек  ырғағының бұзылуын білуге және диагноз қоюға көмектеседі, – дейді заманауи құрылғылардың тиімділігін түсіндірген Балым апай.

Жаны сүйіп жасайтын қызметі болғандықтан шығар, осы кезге дейін жұмысынан шаршап, шағым айтып көрмепті.

Балым Отарқызы отбасында аяулы жар. Жұбайы Демеуғалимен бір шаңырақ астында 30 жылдан бері берекелі ғұмыр кешіп,  ұл мен қыз тәрбиеледі. Қызы Динара Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетін шет тілі мамандығы бойынша қызыл дипломға аяқтаған. Қазір АҚШ-тың ең ірі қаласы – Нью-Йоркте білімін жетілдіруде. Ал ұлы Данияр Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келді. Бүгінде ішкі істер саласында қызметте. Қызметі мен отбасында бақытқа кенелген кейіпкеріміздің ендігі арманы – керегесін кеңейтер келін түсіріп, немере сүю.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
55 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
170 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
421 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
684 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
922 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
956 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1110 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1304 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1537 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1625 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1734 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1743 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1771 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1777 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1880 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2101 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»