«Бекіре-2024» басталды
Сәуірдің 1-інен мамыр айының 31-не дейінгі аралықта облыс аумағында балық пен олардың өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Алғашқы он күнінде 1,5 тоннадан астам балық тәркіленді. Мәселен, 5 сәуір күні БҚО ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Орал–Атырау» тас жолында «ВАЗ-2111» маркалы автомашинаны тоқтатты, оның салонында ұсақ тұқымды балық салынған 9 қап және 1 пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 234 кг құрап отыр. Соның ішінде «шортан» – 144 кг, «мөңке» – 46 кг, «сазан» – 44 кг.
Сондай-ақ, сәуірдің 6 күні Шапай ауылына жақын «Атырау-Орал» тас жолында «Митсубисси Делика» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті тексеру барысында тиісті құжаттары жоқ 204 келі ұсақ тұқымдас балық табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Көшім ауылының маңындағы «Орал-Атырау» автожолында полиция қызметкерлері «Фольксваген Шаран» автомашинасын тоқтатты. Автокөліктен 206 келі балық тәркіленді. Орал қаласының тұрғыны Жаңақала ауданы Қошпан ауылындағы Көшім өзенінде балық аулаумен айналысқаны белгілі болды. Автокөліктен резеңке қайық пен балық аулау торлары да тәркіленді.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру