Тасқыннан қырылған құжатсыз малдың өтемақысы қалай төленеді
Ауыл шаруашылығы саласындағы жеке және заңды тұлғаларға табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген залалды өтеу қағидалары жарияланды.

Құжатқа сәйкес, табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде жергілікті деңгейдегі комиссия құрылады. Оған жергілікті әкімдіктердің ішкі істер органдарының (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және жергілікті қоғамдастық өкілдері кіреді.
Малы табиғи төтенше жағдай салдарынан қырылды деп есептейтін тұрғындар осы комиссияға тиісті өтінішті төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде өткізуі керек.
Мал иелеріне шығын бюджеттен де, бюджеттен тыс көздерден де өтелуі мүмкін. Бюджеттен тыс көздердің ақшасы ешбір құжаты жоқ малдың шығынын өтеуге бағытталады.
Малға өтемақы тағайындау үшін комиссия мына жайттарға көз жеткізу керек:
- өлген малдың сәйкестендіру белгілері бар екеніне (құлақ белгісі, тавро, микрочип);
- өлген малдың сәйкестендіру белгілері жоқ болса, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелгеніне;
- өлексесі табылмаған малдың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелгеніне.
«Өлген малдың иесінің ауызша айтуы бойынша тиесілігін анықтау қажет болған жағдайда кемінде 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарының өлімінің комиссиялық актісін жасау және кәдеге жарату аяқталғаннан кейін акт жасау қажет. Комиссия, шаруашылық санатына қарамастан құс басы бойынша залалды өтеуді тиісті кәдеге жарату актілерінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады», – делінген құжатта.
Демек, малдың ешбір құжаты болмаса, ешбір базада тіркелмеген және өлексесі табылмаған болса, үш куәгерді тарта отырып акт толтырылады.
Өтемақы мөлшері өлген малдың жасы мен жынысына қарай Ұлттық статистика бюросы жариялайтын нарықтық құны бойынша айқындалады.
Дереккөз: kazinform.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру