Оқушылар қашықтан оқуда
Сәуірдің 16-сы күні Төтенше жағдай дапертаментінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Кереева баспасөз қызметкерлерімен кездесті.
Брифингте оқу үрдісін ұйымдастыру және облыс аумағында ішек аурулары туралы мәселе туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, облыс бойынша 375 мектеп қызмет етеді (оның ішінде 65 мектеп облыс орталығында орналасқан), барлығы 122 мыңнан астам оқушы білім алады (оның ішінде 64 мыңнан астам оқушы облыс орталығында оқиды). Өңірімізде орын алған төтенше жағдай үздіксіз білім беру үрдісіне айтарлықтай әсерін етуде. Білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, сапалы білім беру үшін оқу процесін тиісті деңгейде ұйымдастыру.
Бүгінде білім нысандарында алты эвапункт жұмыс істеп тұр (Қаратөбе – 1, Бөрлі – 1, Орал қаласы – 4). Екі жоғары оқу орынында үш эвапункт жасақталды. Қажеттілік болған жағдайда білім нысандарынан 164 эвакуациялық пункт ашу мүмкіндігі бар, оның ішінде 149-ы мектептен, 15-і колледжден. Сондай-ақ 13 эвакуациялық пункт жасақталып, онда 6 968 бала орналасқан.
– Өңірдегі төтенше жағдайға байланысты 15 сәуірден бастап Жайық өзенінің жағалауында орналасқан Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарының және Орал қаласының мектептері мен кәсіптік-техникалық және қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесі қашықтан оқу форматына көшірілді. Қашықтан оқу onlineMektep.org, BilimAll.kz, Daryn.оnline платформалары арқылы жүруде. Жайық өзені жағалауында орналасқан аудандар мен Орал қаласында 130 мектеп бар болса, соның 103-індегі 75591 оқушыға оқу үрдісі қашықтан ұйымдастырылды, – деді Айгүл Әділгерейқызы.
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
(Толығырақ газетіміздің №16 санынан оқи аласыздар)
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру