Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
Бүгін, сәуірдің 8-і күні Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратының алдында Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Нұржан Төлеуіш баспасөз қызметкерлерімен өткен брифингте соңғы тәуліктегі су тасқынына байланысты жүргізіліп жатқан жұмыс барысы туралы айтты.

Нұржан Тілеуіштің айтуынша, су тасқынына орай жұмыстар әлі де жалғасуда. Өткен тәулікте Орал қаласындағы Шаған, Деркөл, Жайық өзенінің деңгейін бақылау нәтижесі бойынша Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілгені байқалды.
Бүгінде оның деңгейі 684 см болса, ең қауіпті деңгейі 850 см. Яғни, судың көтерілуі қауіпті деңгейге жетпеді. Шаған өзеніндегі су деңгейі 1294 см, ең қауіпті деңгейі 1300 см.
Сондай-ақ Жайық және Шаған өзендерінің жағасында орналасқан тұрғындарды құлақтандыру жұмысы жалғасуда. Уақытынан бұрын эвакуациялау жұмыстарына баса назар аударылуда.
Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласындағы Жайық өзені мен оның жағалауындағы дамбаларды нығайту, қапшықтарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша 7048 адам эвакуацияланып, оның 161-і бүгінде эвапунктте тұрып жатыр.
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру