Ғылым мен техниканың бірегей дамуы
Бүгін, мамырдың 29-ы күні «КазИИТУ» білім кешенінің Кенжетай Батырбекқызы атындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің кітапханасында «Қазақстан мен Ресей университеті арасындағы өзара серіктестікті дамыту бағытында» дөңгелек үстел болды.
Жиынға Ю.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінен келген делегация өкілдері Евгения Токарева, Илья Терентьев, Надежда Лисицкая, Елена Кошкина және проректорлар, кафедра меңгерушілері қатысты.
Жиынды КазИИТУ-дың ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Анар Аймағанбетова ашып жүргізіп, жиынның мақсатымен және Ресейден келген делегация өкілдерімен таныстырды. Басқосуда Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мемлекеттік емес білім беру мекемесінің вице-президенті Гаухар Қайриева білім ордасының 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері, бүгінде 37 жоғары оқу орнымен тығыз қарым-қатынас жасап отырғаны туралы кеңірек тоқталды.Сондай- ақ, проректор Жанар Досқазиева, қалалық мәслихаттың экс-депутаты, БПҰ «Зияткер» төрайымы Аида Маратова, экология кафедрасының аға оқытушысы Кира Лаубертс, Ю.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері Евгения Токарева, Илья Терентьев ғылым мен техниканың бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы, Ю.Гагариннің өмірбаяны, космоновтиканың қоршаған ортадағы құпиясы жөнінде пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті.
Жиынның соңында шеберлік сағаттарын көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру
Пікір үстеу