8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Мамыр 2023 1364 0
Ғылым

   Ғылым мен техниканың бірегей дамуы

 

     Бүгін,  мамырдың 29-ы күні «КазИИТУ» білім кешенінің Кенжетай Батырбекқызы атындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің кітапханасында «Қазақстан мен Ресей университеті арасындағы өзара серіктестікті дамыту бағытында» дөңгелек үстел болды.  

Жиынға    Ю.Гагарин атындағы  Саратов  мемлекеттік  техникалық   университетінен   келген   делегация өкілдері   Евгения  Токарева, Илья Терентьев, Надежда Лисицкая, Елена Кошкина  және  проректорлар, кафедра меңгерушілері  қатысты.

Жиынды    КазИИТУ-дың ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Анар Аймағанбетова ашып  жүргізіп, жиынның мақсатымен    және   Ресейден келген делегация өкілдерімен таныстырды.  Басқосуда Қазақстанның инновациялық  және телекоммуникациялық жүйелер университеті мемлекеттік емес білім беру мекемесінің вице-президенті Гаухар Қайриева   білім ордасының   30  жыл   ішінде қол жеткізген жетістіктері, бүгінде 37 жоғары оқу орнымен тығыз қарым-қатынас жасап отырғаны   туралы кеңірек тоқталды.Сондай- ақ, проректор   Жанар   Досқазиева,  қалалық  мәслихаттың экс-депутаты, БПҰ «Зияткер»  төрайымы Аида Маратова,   экология кафедрасының  аға оқытушысы  Кира Лаубертс, Ю.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері Евгения Токарева, Илья Терентьев   ғылым мен техниканың бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы,  Ю.Гагариннің   өмірбаяны, космоновтиканың  қоршаған ортадағы құпиясы  жөнінде пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті.

Жиынның соңында шеберлік сағаттарын көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.

      Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ                          

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
145 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
387 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»