8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Ақпан 2019 1869 0
Қоғам

«ТЕРГЕУШІНІ ҚАРАЛАП, ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ИМИДЖІНЕ КІР КЕЛТІРДІ»

 БҚО Полиция департаменті «abai.kz» сайтында жарияланған Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Т.Қатауовтың «Мені Оралдың полицейлері «тонады» атты мақаласын теріске шығарып, істің қалай өрбігенін жария етті.

2019 жылғы 11 ақпанда «abai.kz» сайтында Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Т.Катауовтың полиция қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттері туралы «Мені Оралдың полицейлері «тонады» деген атаумен мақаласы жарияланған. Осы мақалада атап көрсетілген факті бойынша БҚО полиция департаменті түсініктеме беріп, Т.Қатауовтың тергеушіні негзісіз қаралағанын мәлімдеді.

«Орал қаласының тұрғыны Талғат Қатауов 2019 жылғы 06 қаңтарда ғаламтордың әлеуметтік желісі арқылы ашық түрдегі жеке парақшасында  «Қарағандыдағы қазағымның бас көтеруі халықтың үміт отын жақты» деп ашық хат қалдырған. Осы жазылған ақпаратты  әлеуметтік желінің кез келген қолданушысының еркін түрде оқуға мүмкіндігі бар.

Аталған факті бойынша 2019 жылғы 11 қаңтарда Орал қаласының Полиция басқармасында  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігімен (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жоғарыда аталған қылмыстық іс бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 78-бабы 6-бөлігінің негізінде Талғат Қатауовтан қорғануға құқығы бар куә ретінде жауап алу үшін Орал қаласы Полиция басқармасының   тергеушісі Ардақ Габдуллина оны ішкі істер органдарына жеткізу туралы жеке тапсырма шығарды.

Осы тапсырманың негізінде анықтау органының қызметкері Талғат Қатауовты  2019 жылғы 9 ақпанда Орал қаласындағы теміржол вокзалында тоқтатып, оған  құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, қылмыстық іс бойынша қорғануға құқығы бар  куә ретінде тергеу іс-әрекетіне қатысу үшін тергеушіге жеткізген.

Сол сәтте Т.Қатауов  өзіне тиесілі 2 ұялы телефонын өзімен бірге бір вагонда келген туысқаны Р.Абденовке бергенін полиция қызметкерлері байқап қалған. Сол себепті туысқаны Р.Абденов те Орал қалалық полиция басқармасына жеткізілген.

Тергеуші А.Габдуллина Р.Абденовтен жауап алу кезінде ол 2 ұялы телефон Т.Қатауовқа тиесілі екенін, пойыздан түскеннен кейін бергенін, «кейін аламын» дегенін мәлімдеген.

Тергеуші Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің  талаптарына сәйкес Т.Қатауовтың ұялы телефондарын оның туысқаны Р.Абденовтен алған, бұл туралы хаттама толтырған, туысқаны Р.Абденов  ақша немесе өзге де құнды заттар болмағанын растап, хаттамаға қол қойған, тергеуші қаулы шығарған. Сондықтан Т.Қатауовтың тергеушіні қаралауын негізсіз деп санаймыз. Бұл ретте тергеушінің әрекеті заңды түрде жүргізілген. Осы тергеу әрекеттерін жүргізу барысы  фото-аудио-бейне жазбаға түсірілді. Ұялы телефондарды алу процесін жүргізу тергеушінің қызметтік кабинетінде Р.Абденовтің қатысуымен іске асырылды. Қызметтік кабинет  бейне бақылау жүйесімен жабдықталған. Аталған тергеу іс-әрекеттері бейнежазбада сақталған.

Бұл ретте Т.Қатауов полиция қызметкеріне еш дәлелсіз жала жауып, жалпы Қазақстан полициясының имиджіне кір келтіріп, қоғам тарапынан             құқық қорғау органдарының атына негізсіз сын айтылуына ықпал етті» делінген БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген деректерді келтіре отырып, БҚО ПД  «abai.kz» сайтынан Т.Қатауовтың «Мені Оралдың полицейлері «тонады» деген атаумен жарияланған мақаласындағы ақпараттардың негізсіз болуына байланысты бұл мақаланы жоққа шығарып, тергеуші А.Габдуллинаның жүргізген тергеу әрекетінің заңды екенін қайта жариялауды сұрап отыр.

 

«Жайық үні»

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
52 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
130 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
355 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
840 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1218 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1127 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1577 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2191 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2357 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2365 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2415 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2419 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2043 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2900 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2954 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2948 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3561 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3529 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3520 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3495 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3655 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»