СТУДЕНТТІК МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде және Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіндегі медиация кабинеттері ашылды. Қос оқу орнындағы айтулы шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов қатысты.


Жоғары оқу орындарында медиация кабинеттерін ашу Жоғарғы соттың «Татуласу сотқа дейін, сотта» бағдарламасы аясында облыстық соттың бастамасымен жүзеге асырылды. Орталықтың мақсаты – жастар арасындағы шиеленісті азайту, оларға дауды шешудің оңтайлы тәсілдеріне бағыттау. Кабинеттің жалпы жағдайы тараптарды психологиялық тұрғыдағы сабырлыққа шақырады.
– Татуласу кабинеттері негізінен студенттік қауымдастыққа бағытталған, себебі жастар арасындағы қақтығыстар жиі болады және қиын шешілуі мүмкін. Бұл жерде студенттерге тегін заң көмегі, медиативтік процедуралар мен қажетті нормативтік-құқықтық әдебиеттер ұсынылады, – дейді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов.
БҚО медиаторлар одағының төрайымы Алуа Ракишева атап өткендей, әр мекемеде медиация орталықтарын ашу уақыт талабы. Студенттер арасында, сондай-ақ ұжым мүшелерінің арасында әр кезде жанжал тууы бек мүмкін. Осы орайда медиация кабинеті кикілжіңдерді дұрыс жолмен шешуге ықпал етпек. Бұл жерде медиаторлар өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін тараптармен келіссөз жүргізетін болады.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың проректоры Әсет Тасмағамбетов пен ҚазИИИТУ ректоры Әліби Баяхов сот қауымдастығына кабинеттерді ашу кезінде практикалық көмек көрсеткендері үшін алғысын білдіріп, реформаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Нұргүл Қанатбаева, Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу