СПОРТШЫЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
13 ақпан №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Интеллектуалдық спорт түрлері бойынша спортшыларды дайындаудың нәтижелілігіне ықпал ететін факторлар» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда мектеп директоры Ерден Жанғалиев«Интеллектуалдық спорт түрлерінің даму жағдайы», жоғары дәрежелі әдіскер Вазых Вахитов «Спортшыларды дайындаудың нәтижелілігіне әсер ететін факторлар» атты баяндамалары оқылды. Семинар дойбыдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Жұмагалдиев, шахматтан халықаралық шебер Валерий Мин және тоғызқұмалақтан БҚО аға жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімов сынды жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушылар жүргізген мастер-класспен жалғасты. Кейін семинар қатысушылары Орал қаласында интеллектуалдық спорт түрлерін дамытудағы мәселелер және оларды шешу жолдары тақырыбында дөңгелек үстелге жиналды.
Орал қаласында №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2001 жылдан бастап интеллектуальдық спорт түрлері бойынша бөлім жұмыс жасайды. Шахмат, дойбы және ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ түрлерін дамытуда. Мектепте шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы сыныптары бар.
Қазіргі таңда дойбыдан 3 жаттықтырушы оқушылармен жұмыс жасауда. Атап айтсақ, жоғары санатты және ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жүмагалдиев Данияр Кадырұлы, жоғары санатты жаттықтырушы Жұмагалдиева Әлия Закиржанқызы және Әлемнің 7 дүркін чемпионы, жаттықтырушы Жұмагалдиева Алтынай Даниярқызы жаттықтыратын №2 БЖСМ спортшыларынан құралған дойбыдан БҚО құрама командасы ҚР-дағы ең үздік команда болып саналады. Ең үздік команда атағын 10 жылдан бері сақтап келеді. Олардың шәкірттері Әлем, Азия және ҚР чемпиондары дойбыдан спорт шебері Дәулетова Әнел, Тәжібекова Тоғжан, спорт шеберлері Қамалова Әлия, Жоламанова Балауса, Елизавета Бапиева, Сатан Асхат, Ақылбек Айшат, Сағатова Айгерім, Мирам Әділхан тек мектептің ғана емес облыс, республика мақтаныштары.
Біз мақтанып айтатын мектебіміздің шахмат бөлімінің тәрбиеленушілері: шахматтан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, оқушылар арасында әлем чемпионы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті – Сайын Жанат; шахматтан ҚР бес дүркін чемпионы, ҚР жастар құрамасының мүшесі – Мұхит Айсезім; ҚР чемпионы – Абділдаева Лаура; әлем чемпионатының қола жүлдегері (Бразилия – 2011, 17 жасқа дейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Румыния-2012), ҚР бірнеше дүркін чемпионы – Игамбергенов Алибек және т.б. жас шахматшылар. Аталған спортшылардың барлығы халықаралық шебер, жоғары санатты жаттықтырушы Мин Валерий Юрьевич және екінші санатты жаттықтырушы Сергеев Дмитрий Ивановичтың оқушылары.
Мектепте 5 жаттықтырушы ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақты жылдан жылға кеңінен насихаттап жұмыс жасауда. Жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы Әбдікәрімов Дәулет Ұзаққалиұлы және Шурин Бауыржан Нұрғазыұлы табанды еңбек етіп, спортшылармен бірге жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтсақ, республикалық, халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, №2 БЖСМ түлегі Сағынбаев Жарасхан қазіргі таңда Ұлттық спорт түрлері бойынша БЖСМ-да жаттықтырушы қызметін атқаруда. Халықаралық дәрежедегі спорт шебер Матылов Сайлан, Карина Аида, Ерниязова Дильназ, Ахметкалиев Бауржан, №19 жалпы орта білім беретін мектебін алтын белгіге және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін қызыл дипломға бітірген, халықаралық дәрежедегі спорт шебер Айнұр Байзекенова, спорт шебері Ақшолпан Айғалиева. Сондай-ақ әр жылдары Мажитова Инабат, Түсіпқали Нұрберген, Хайрлиев Темірлан, Нұрғазина Айшабибі есімді облысымыздың талантты жас тоғызқұмалақшыларымыз ҚР чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері атанды.
2018 жылдан бастап Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тоғызқұмалақтан жоғары спорт шеберлігі тобы ашылып жұмыс жасауда.
Версия для печати
Пікір үстеу