8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2019 5151 0
Қоғам

Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА: «ҚАРАТӨБЕНІҢ ҚАСИЕТІНЕН ҚОРҚАМЫН»

«Үйреттің тік жүруді шашақтанбай,

Баққа да, бақытқа да масаттанбай.

Туған жер мен өзіңнен қуат алам

Болдырған атқа құйрық асатқандай». 

Осылай  деп жыр жазып, киелі Қаратөбесі десе жүрегін жұлып беруге дайын,  Шоқан ағама қайнатып қою күрең шәйін, ақыл-кеңесін беретін елге әрдайым, өнердің түсінетін салмағын, шуаққа бөлейтін жан-жағын Шолпан Қыдырниязова анамыз,  әжеміз, жеңгеміз, әпкеміз, ақынымыз мерейлі 70 жасқа  жарқырап жетіп отыр. Қазақ ССР-інің  еңбек сіңірген  мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы», дәстүрлі айтыс өнерінің ақберені Шолпан Батырқызына желпініп жеткен жетпістің Сізге сыйлар жетістігі көп болсын дей келіп, арамызда өрбіген сыр-сұқбатты оқырман қауыммен бөлісуге  асыққан едік. 

 

…– Шолпан апа, тәрбие мәселесі жөнінде, ұлттық құндылықтар жайлы әлеуметтік желілерде көкейтесті мәселелер қозғап едіңіз. Кітап болып қашан шығады?   

– «Анадан – ақыл, әжеден – әдеп» деген тақырыпта кеңейтілген  түрімен  баспадан жарық көргелі жатыр. Бұйыртса, алдағы 4 мамыр күні тұсауы кесіледі. Мұны не үшін жаздым? Ақылым асып-тасығаннан емес. Осы жасыма дейін көп кітап та жазған  жоқпын. Тұңғыш «Жазира» атты өлеңдер жинағым 1982 жылы «Жазушы» баспасынан шықты.  «Елігі еркін даланың», «Қаратөбем қасиетті құшағың…»,«Қос қанат» деген жыр жинақтарым бар. Бұларға  өлеңдерім мен айтыстарым енді. Қазақ поэзиясына үлес қосайын, керемет деңгейлі ақын болайын деген оймен өлең жазған емеспін. Өлеңді өзіммен сырласу үшін жазамын. Өлеңім – менің сырым, болмысым, тура табиғатым. Ешуақытта біреулерден басым болайын  деген мақсатқа  ұмтылмаймын.  Мен халқыммен біргемін. Қазақстанның, қоғамның мүшесімін. Жаман мінезім – мені мақта, мен  туралы айтшы деген жандарды ұнатпаймын, жалпылдағандарға жыным келеді. Жаңа өзің естідің ғой. (Сұқбат барысында апайдың телефонына біреулер қоңырау шалып, бір жиында алғысөз айтуын  өтінді. Бірақ та ақын бас тартты.) Тапсырыспен сөз сөйлеп, тапсырыспен мақала жазған емеспін.  Өз ісімнің, өз пікірімнің иесімін. Өз-өзіме ғана жауап беремін.

– Ал қазір өлең-жырмен сырласып  жүрсіз бе? 

– Жоқ. Ештеңе жазып жүрген жоқпын. Керемет өлең шумақтары  түнде ұйықтап жатқанда  келеді. Кейде қағазға түсіріп, кейде түсіре алмай қаламын. Мінезім Қаратөбеге тартқан.

«Мінезім бар ыссы құмдай қызбалы.

Ал қызбалық, жараспайды қызға анық.

«Қаратөбең жаман» десе қамығып,

«Жақсы» десе қалам тағы қызғанып» ​​​– деген жыр шумақтарым бар. Менің ең осал жерім – Қаратөбені жаман деген адаммен пікір таластырамын. «Құдайдан қорқам, Қаратөбенің қасиетінен қорқам» деп те жазғанмын.  Қаратөбемді қатты жақсы көремін. Мүмкін менің бақытты қыз, бақытты әйел, бақытты ана, бақытты әже атануым, бақытты болып өмір сүріп жүргенім туған жерімнің  қасиеті шығар.

Сұқбатты толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 18 сәуір күнгі №15 санынан оқи аласыздар.

 

Сұқбаттасқан Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА: «ҚАРАТӨБЕНІҢ ҚАСИЕТІНЕН ҚОРҚАМЫН»

Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА: «ҚАРАТӨБЕНІҢ ҚАСИЕТІНЕН ҚОРҚАМЫН»  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»