ШЕКТЕУЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН АЛЫНАДЫ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үндеуі жарияланды. Президент өз мәлімдемесінде төтенше жағдай режимі 11 мамырда тоқтатылатынын айтты. Бірқатар салалардың жұмысы қайта жанданатынын жеткізді. Осы орайда бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков облыстағы шектеу шараларының кезең-кезеңмен жұмсартылатынын мәлімдеді.

– Орал қаласында карантиндік шаралар кезең-кезеңмен қабылданып, жүзеге асырылды. 31 наурызда карантиндік режим енгізілді, 14 сәуірден бастап карантиндік режим күшейтіліп, бірқатар кәсіпорындар жұмысы уақытша тоқтатылды, кейбір салалардың қызметіне шектеулер қойылды. Бұл жағдайлар халыққа қолайсыздық тудырғаны түсінікті. Дегенмен, коронавирус инфекциясының таралуы шарықтау шегіне жеткен жоқ. БҚО бойынша коронавирус анықталғандардың 90 пайызға жуығы сырттан келгендер. Бірақ бұл жағдайға қарап, жергілікті тұрғындар арқаны кеңге салуға болмайды. Инфекцияның бетін қайтаратын әзірге вакцина жоқ екені айтылды. Сондықтан ауруды жұқтырмаудың алғышарты – өзімізді оқшаулау, гигиеналық сақтық шараларын қадағалау. Медицина саласы қызметкерлерінің, полицейлердің жұмыстары осыған бағытталып отыр. Осы талаптарды бұлжытпай орындауды жалғастыруға тиіспіз, – деді Абат Абайұлы.
Қазіргі жағдайда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды үлесі бар кәсіпорындардың жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруы басты міндет. Күшейтілген карантиндік режим кезінде ірі зауыттар мен кәсіпорындар, мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс жасайтын субъектілер жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Олар өз қызметкерлерінің тасымалын барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері және қызмет көрсету, әлеуметтік саладағы ұйымдардың жұмысына шектеу қойылды. Сонымен қатар азаматтардың саяжайларына баруына да шектеу қойылды. Қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады. Ал бүгін Мемлекет басшысы карантин талаптарын жеңілдетуді тапсырған еді. Бұл тапсырма облыстық жедел штаб отырысында қаралған.
– Мемлекеттік комиссияның шешімімен 27 сәуірден бастап өнеркәсіп, құрылыс саласы жұмыстарын жалғастырады. Ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін компанияларға, автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін орталықтар, көлік жуу, дөңгелек жөндеу сервистері, автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сату дүкендері, химиялық тазалау орындарына жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берілді. Бұдан кейін де облыстық жедел штабтың шешімімен кезең-кезеңмен қалған салалардың жұмыстарының алгортимдері жасақталады, – деді Абат Абайұлы.
Ертең, 28 сәуірден бастап қалада қоғамдық көліктің қызметі жанданады. Дегенмен, уақыты шектеулі – автобустар желіге таңғы сағат 6.00-де шығып, 20.00-де аяқтайтын болады. Қоғамдық көлік иелері автобус салонында әр айналым сайын дезифекциялау жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл тиісті құрылымдық бөлімдер арқылы қадағаланады.
Сондай-ақ қала тұрғындарына тәуліктің кез келген уақытында көшеге шығып, серуендеуге рұқсат берілді. Қала әкімі азаматтарға өздерінің тұрғылықты мекенжайларынан қашық кетпеуді ұсынып отыр. Полиция қызметкерлері тоқтатқан жағдайда азаматтың жеке куәлігі өзімен бірге болуы тиіс. Қорғаныш құралдарын да тағып жүруді ұмытпаған жөн. Бір отбасы болып табылмайтын үштен артық азаматтардың топтасып тұруына болмайды.
– Кейбір қоғамдық орындар – сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, қоғамдық монша немесе шаштараз салондары карантиндік режимнен шығуды сұрап отыр. Дегенмен, эпидемиологиялық ахуалға байланысты бір мезетте барлығын ашуға мүмкіндігіміз жоқ. Біз әлі адамдардың көп шоғырлануын болдырмауымыз қажет, – деді қала әкімі Абат Шыныбеков.
Карантиндік шаралар, әсіресе кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге оңай болған жоқ. Бірқатары қызмет көрсетуді тоқтатты. Кейбір салалар бойынша қызметкерлері өз қауіпсіздіктері үшін үйден жұмыс жасап отыр. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатына әсер етуде. Бірақ, мемлекет тарапынан жәрдемақы, зейнетақының берілуі тоқтаған жоқ. Табысынан айырылғандарға өтемақы төленді. Ол мамыр айында да берілмек. Белгіленген санаттар бойынша сәуір айының аяғында коммуналдық шығындар үшін өтемақы беріледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу