8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2018 2640 0
Жалын

«ШАҢЫРАҚТАҒЫ» ЖАҢА ЖЫЛ

 «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері жаңа жылды ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Қалалық мәслихат депутаты Ләззат Рысбекова, «МеталИнвестАтырау» ЖШС директоры Игорь Ишкулов, «Сібір денсаулығы Астана» ЖШС басшысы Абай Кулгатов бүлдіршіндерді доңыз жылымен құттықтап, мерекелік сый-сияпаттарын әкелді.

 

          Бұл күні балалардың қуанышында шек болмады. Бүлдіршіндерге Аяз ата мен ақшақар, ертегі кейіпкерлері, сайқымазақ қонаққа келіп, балалармен бірге шыршаны айналып, ән айтып, би биледі, түрлі ойындар ойнатты.

«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің директоры Өмірбай  Қалымбетов – 18 жыл ғұмырын жетім балалар тәрбиесіне арнапты. Аталмыш кешен тек 18-23 жасқа дейінгі жастарға ғана арналған. Әйткенмен, мұндағы тағдыр теперішін көрген жандар орда бұзар отызында да осы интернатты паналап отыр. Араларында үйлі-баранды  болғандары да бар. – Бүгінгі таңда мұнда 118 балалар үйінің түлектері тұрып жатыр. Оның 35-і отбасын құрғандар, 15-і жалғызбасты аналар. 66-ы кішкентай бүлдіршін болса, 37-сі іргедегі №4 орта мектепте білім алып жүр, бесеуі балабақшада.  Бір қуанарлығы, жақында Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі Алтай Көлгінов  «Шаңырақтың» 40 түлегіне жаңа пәтердің кілтін табыстады, – дейді Өмірбай Рыспайұлы.

Бұдан бөлек демеушілер балаларды ойын-сауық орталықтарына шырша тойына шақырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
103 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
138 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
405 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
425 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»