Сенаторлар Оралға келді
26-27 мамыр күндері Оралға ҚР Праламенті Сенатының депутаттары Ғ.Сарыбаев, Ж.Асанова, А.Сатыбалдиев, Г.Шиповских іс-сапармен келді. Облыстық мәслихат төрағасы М.Мұқаев, мәслихат депутаттары Е.Салықов, Б.Лаврентьев сенаторлармен бірге болды.
Ең алдымен, сенаторлар «Сырым» өткізу пунктінде, «Махамбет» шекара бөлімшесінде болып, шекара қызметімен танысты. «Зенит» Орал зауытында болып, зауыттың жұмыс барысын көрді.
Екінші күні Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар басқармасына барып, басқарма жұмысы мен «ӨС және АҚЖҚ» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығымен танысты.
Департаменттің акт залында депутаттар ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, департаменттің жеке құрамы, ведомстволық бағынышты ұйымдарының басшылармен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы, азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, заң шығару қызметі туралы мәселелер қозғалды. «Деркөл» өзенінің жағалауын бекіту бойынша жүріп жатқан шаралармен танысты.
Іс-сапар ҚР Ұлттық Гвардиясының 5517 әскери бөлімшесіндегі сарбаздардың жағдайымен танысумен аяқталды.
Өз тілшіміз
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру
Пікір үстеу