8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2019 2650 0
Өзек

САПАСЫ КҮДІКТІ БОЛСА…

Қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауы адам өмірінің барлық салаларына және тұтастай алғанда халықтың әл-ауқатына әсер етеді, өйткені экологиялық жағдайдың өзгеруімен тұтынылатын өнім сапасы да өзгереді. Тұтынылатын өнімдердің қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ететін орталықтардың бірі – Ұлттық сараптама орталығы. Халықтың сұранысына ие зертханалардың жай-күйі қандай және Батыс Қазақстан облысындағы филиалда қандай зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бар? Бұл туралы облысымыздағы филиалдың директоры Рахима Алхамқызынан сұрап білген едік.

 – Рахима Алхамқызы, алдымен филиал жұмысы, зерханалардың негізгі қызметі туралы айтып берсеңіз.

– Қазіргі таңда филиал құрамында облыстық және аудандық бөлімшелерінде вирусологиялық, бактериологиялық, санитарлық-гигиеналық,  радиологиялық зертханалар жұмыс жасайды. Вирусологиялық зертханада тұмау, ЖРВЖ, вирусты гепатиттер, қызылша, қызамық, энтеровирустар және серозды менингит және т.б. вирустық инфекциялар қоздырғыштарын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Бактериологиялық зертхана ауыз суы мен азық-түлік қауіпсіздігіне бақылау жүргізеді. Сонымен қатар ішек жұқпаларының, күл ауруының, менингококк, көкжөтел және т.б. инфекцияларының қоздырғыштарын анықтайды.

Филиалдың санитарлық-гигиеналық зертханасының басты міндеттерінің бірі – қоршаған орта факторларын, адамдардың денсаулығына әсер ететін адамның тіршілік ету ортасын обьективті бағалау. Берілген жұмыс осы обьектілердің зертханалық талдауларын, соның ішінде ауыз су, азық-түлік, ашық су қоймалары, атмосфералық ауа, топырақ, жұмыс аймағының ауасы, тұтыну тауарлары және басқа да бекітілген гигиеналық нормативтерді сақтауды жүзеге асады.

Радиологиялық зертханада аумақтағы гамма сәулелерінің дозалық қуаттылығына,  топырақ бетінен алынған радонның ағымдық тығыздығына және т.б. өлшеулер жүргізіледі. Судағы жалпы альфа, бета- радиобелсенділігінің меншікті жиынтығына, тағам өнімдерінде радионуклидтердің үлестік тиімді белсенділігіне зерттеулер жүргізіледі. Топырақта және өсімдіктерде радиобелсенділігінің, құрылыс материалдарында және бұйымдардың радиобелсенділігінің үлестік тиімді рұқсат етілген белсенділіктің деңгейіне өлшеулер жүргізіледі. Рентген кабинетіндегі рентген сәулеленуіне дозиметрлік өлшеулері жасалады. Металл қалдықтарының гамма сәулеленудің, альфа, бета- бөлшектер ағынына дозиметрлік бақылау жүргізіледі.

– Қазір қоғамның барлық саласында жаңа технология-лар енгізілуде. Осы орайда зертханалардың заманауи  құрал-жабдықтармен жабдықталуына тоқталып өтсеңіз.

– Халықтың өмір сүру жағдайларын тексеру үшін зертханалық қызметтердің кең спектрін орындауға қабілеті жоғары білікті мамандарымыз жеткілікті. Зертханалар заманауи жабдықпен жабдықталған. Мысалы, «Vitek» құрылғысы жедел әдіс арқылы микроағзаларды  және антибиотиктерге сезімталдықты анықтаса, жоғары технологиялық зерттеулерге  жататын  газды  және сұйық  хроматографтар су және азық-түлік құрамындағы зиянды заттарды жедел анықтайды.

– Былтырғы жылы халықты біраз дүрліктірген менингит ауруын зерттеуге дайындықтарыңыз қандай болды? Күрделі талдаулар жасауға мүмкіндіктеріңіз бар ма?

– Әрине, вирусологиялық зертханада вирустық инфекцияларды  зерттеуге барлық жағдай жасалған. Зерттеулер ПЦР, ИФА сияқты заманауи жоғары сапалы жабдықтарда өткізіледі. ПЦР дегеніміз – молекулярлы генетикалық әдіс. Бұл әдістің ерекшелігі қоздырғыштардың РНҚ және ДНҚ молекулаларын анықтап береді. Бұл жабдықта қоздырғыштарды бірнеше сағатта анықтауға болады. Ал басқа жабдықтарда зерттеулер ұзақ жүргізіледі. Менингит ауруы белең алған кезде зертхана дайындығы жоғары дәрежеде болды. Облысымыз бойынша ешбір жағдай тіркелген жоқ.

– Халықты жиі алаңдататыны өздері ішіп-жеп жүрген тағамының құрамы.

– Ауыз су мен азық-түлік өнімдеріне бактериологиялық, санитарлық-гигиеналық, вирусологиялық және радиологиялық зерттеулер жүргізіледі. Мысалы, біз ет, сүт, балық, тауық  өнімдері құрамынан ішек жұқпаларын тудыратын қоздырғыштары бар-жоғын анықтай аламыз.

Қажет зерттеулер жүргізіліп, нәтиже теріс көрсеткіш берсе, біз Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жолдаймыз. Олар одан әрі тұтынушылармен, кәсіпкерлермен түрлі бағытта жұмыстарын жүргізеді. Ал қоғамдық орындар мәселесінде арнайы құзырлы орындарға талдау қорытындылары жіберіліп, олар өздері жұмыстанады.

Биыл зерттеулер барысында тауық өнімдерінен сальмонелла анықталған болатын. Сол уақытта біздің тарапымыздан тұрғындарға сол өнімдерді уақытша сатып алмау туралы ескертілді.

– Шет елде кез келген адам түрлі зертханалардың көмегіне жүгініп жатады. Сатып алған тауарын дереу тексертуге асығады. Орал қаласында ондай тексерістер жасауға мүмкіндік бар ма?

– Әлбетте, әр адам өзі сатып алған өнімінің құрамының сапасына күдікпен қараса осы біздің зертханаларға келулеріне болады. Мен осы сұқбатты пайдаланып, облыс тұрғындарына бізде бірнеше зертханалардың жұмыс жасайтынын айтқым келеді. Егер үйде ішіп жүрген судың құрамына күдіктенсе, дереу біздің орталыққа келулеріне болады. Құбыр арқылы үйге келіп тұрған судың сапасын тексертіп, құрамын өз көздерімен көрулеріне де болады. Сол секілді тауық, балық өнімдерін алғанда қандай да бір күдік болса, зертханаға келіп, талдау жасатуларына мүмкіндік бар. Тіпті, қыз-келіншектер өздері тұтынатын косметикалық өнімдеріне: далап, түрлі кремдер, көз бояғыштардың да құрамын тексертулеріне болады.

Тұтынатын өнімнің қауіпсіз екендігіне қалай сенімді болуға болады? Әрбір саналы адам осы сұрақты қоюы керек. Өндірушілердің сақтауға тиісті және тұтынушыны қамтамасыз етуі үшін кейбір стандарттар бар. Өз кезегінде, мемлекет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті рәсімдерді орындайды, сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығы филиалдарында зертханалық зерттеулер жүргізеді. Адамдар өздерінің денсаулықтарын сақтауы үшін азық-түлікті таңдаудың ең қарапайым ережелерін ұстанулары керек. Бұл өнімнің жарамдылық мерзімі мен құрамын қарау. Сауатты қоғамды сауатты, көзі ашық адамдар жасайтынын есте ұстайық.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
49 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
71 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
78 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
165 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
159 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
167 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
250 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
508 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
700 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
830 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
840 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
915 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1318 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1336 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1412 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1500 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1706 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1705 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»