САМБОДАН АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖАУҒАН КҮН
6 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль – самбодан ел чемпионатында батысқазақстандық спортшылар осындай табысқа қол жеткізді. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ерлер мен әйелдер арасындағы чемпионат Талдықорған қаласында өтіп, бүгін қорытындыланды.

Талдықорған қаласында ұйымдастырылған дода үш күнге созылды. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жарысқа 14 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қалалардан сонымен қатар Байқоңыр қаласы командасынан 400-ге жуық спортшы қатысқан. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі халықаралық самбо федерациясының бекіткен ережесіне сәйкес, палуандар жаңа салмақ дәрежелерінде белдескен.
Үш күнде облыс құрамасы сапында өнер көрсеткен спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті.
Атап айтқанда, ерлер арасында 58 келі салмақта Болатбек Райымқұлов – бірінші орынды иеленді. 71 келіде белдесуге шыққан Нұрбол Серіков те бірінші орын алды. 88 келідегі салмақта шыққан Еркебұлан Қалеш пен +98 келіде шыққан Темірлан Көлбай есімді спортшыларымыз да өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды. Ерлан Оңалов – жүлделі үшінші орынды иемденді.
Әйелдер арасында 54 келі салмақ бойынша Гүлдана Әлмұханбетова – бірінші, осы салмақта Әйгерім Телемгенова – үшінші орын алды. 50 келі салмақта Құралай Қабырайқызы – үшінші орынға ие болды.
Әскери самбодан 64 келіде боз кілемге шыққан Әділбек Сейісов – бірінші орын, осы салмақта белдескен Қазбек Сұпығалиев – екінші орын алды. 71 келіде Серік Қартабаев, 79 келіде Рафаэль Тасболатов, 98 келіде Әділет Қабулов жүлделі үшінші орынды иеленді.
«Бұл бір күндік жұмыстың нәтижесі емес екені мәлім. Бұл үлкен жетістік – БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен БҚО самбо федерациясының және Райбек Меңдіғалиев пен Нұфтолла Түменов бастаған батысқазақстандық бір топ бапкерлердің көп жылғы еңбегінің жемісі деп білеміз,» дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының маманы Ринат Дүйсенов.
zhaikuni.kz




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу