8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2019 1881 0
Қоғам

ҚҰРМЕТ ЫСЫРАППЕН ӨЛШЕНБЕЙДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан осыдан үш-төрт жыл бұрын құдайы ас беруде ысырапшылдыққа жол бермеу, ас берудің әдебін қалыптастыру мәселесін көтерген болатын. Бұл ретте дастарқанға қойылатын 12-13 түрлі тағамнан тұратын ас мәзірі де бекітілді. Әйткенмен, оған амал етіп жатқандар аз. Еліміздің кейбір аймақтары ысырапшылдыққа жол бермейтін ас мәзіріне көшкенімен, біздің өңір халқы бұл әдепті саналарына сіңіре алмай отыр. «Жұрт сөз қылады», «дастарханы жұпыны болды деп айтады» деген оймен садақаның дастарханын жайнатып жасап жүргені ащы да болса шындық. Мұсылманның кесапаты саналатын ысырап мәселесі осы аптада облыс имам-молдалары мен ақсақалдары бас қосқан кеңесте талқыланып, ел ішінде түсінік жұмыстарын жүргізуді жандандыру қажеттігі айтылды.

 

Ысырапшылдық тірнектеп тапқан дүниені аяусыз шашып, бардың бағасын білдірмейтін мінез кеселі. Себебі берілген дүние-мүлік – фәни дүниедегі тіршіліктің сәні. Басқосуды ашқан ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы Мұратбек Қыстаубаев осы мәселені алға тартып, ысырапшылдыққа жол бермеу мәселесін ұдайы ескертіп отырудың маңыздылығын атап өтті.

– Ысырапшылдық – Алла Тағала сүймейтін іс. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Алла Тағала ақиқатында ысырап етушілерді жек көреді» деген. Алла тағаланың қасиеті айтылған осы кәлламындағы ысырап мәселесін көп адамдар жете түсінбей келеді. «Сенің не шаруаң бар? Дәулетім жетіп жатыр. Қалай жасасам да өзім білемін. Несие алсам да төлейтін өзім ғой. Оған неге уайымдап отырсың?» деп, түсіндіргеніңе құлақ асқысы келмейді. Расында Алла Тағала 18 мың ғаламды жаратты. Оның ішінде айуандардан артық етіп, бізді жаратты. Ендеше санамызға салып қарайтын болсақ, жер бетіндегі нығметтің барлығы біздер үшін. Алайда жоғарыда келтірілген тыйым осы нығметтер таусылып қалады дегеннен емес. Бұл тыйым – Аллаға бойұсыну. Біз Алла Тағалаға бойұсынған халде өмір сүруіміз керек.  Екіншісі – үнемдеу. Алланың бергеніне шүкіршілік ете білуіміз керек. Мұны ардақты Пайғамбарымыз (с. а. у.) өзінің бір хадисінде «Ішіңдер, жеңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдыққа және дандайсуға жол бермеңдер» деп ескертті. Абай атамыз айтқандай, дүниеде Алланың хикметін сезінгеннен басқа қызық жоқ. Сондықтан Алла бұйырғандай, оған бойұсынған халде өмір сүру өміріміздің мәні екенін ескерте жүргеніміз жөн, – дейді Мұратбек Мұхтарханұлы.

Адам дүниеден өткенде туған-туыстары алдымен имам-молдаларға баратыны белгілі. Басқосуда айтылғандай, сол кезде имамдардың қолында жаназаны атқару, құдайы ас беру туралы екі-үш парақтық жадынама болуы керек. Әрине, қоғамда барлығы бірдей емес. Барлығын ислам шариғатына сай жасауға ниеттілер бар. Алайда, олар көпшіліктің ағымынан шыға алмай келеді. Қазіргі таңда құдайы ас беру көп жағдайда кафе-асханаларда жайылады. Ал кафе иесі тапсырыстың көп болғаны өзіне молырақ пайда әкелетінін қалайтындықтан, түрлі ас мәзірін ұсынуы бек мүмкін. Сондықтан құдайы ас беруге лайықталған қарапайым асхана, кафелер болуы керек. Облыстық дін істері басқармасы да бұл бастаманы қолдап отыр. Осы ретте басқарма басшысы Мақсат Раманқұлов облыс және қала әкімдіктерінің қолдауымен мейрамхана және кафе қожайындарымен кездесу ұйымдастырып, құдайы ас беруде бектілген бірыңғай ас мәзірін енгізуді ұсынбақ.

– Адам дүниеден өткендегі атқарылатын негізгі міндеттер бар. Бірақ, біздің халық ас беруді басты міндетке айналдырып алған секілді. Тіпті одан да асып, садақаны атқару үшін қарыз алып, сауап емес, күнә алып жатқандары өкінішті, – дейді Мақсат Аралбайұлы.

Осы жиынға қатысқан ҚазИИТУ ғылыми-білім кешені «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі Сайлау Сүлейменов ағайын-тума, ел ішіндегі бәсекелестік ысырапқа әкеліп отырғанын айтты.

– «Бәленше әкесінің жаназасына бір сиыр мен жылқы сойыпты, қырқына қырық қой сойыпты, осындай мазар тұрғызыпты» деген көңілге қонбайтын әңгімелер бар. Біз өзімізше «намысқоймыз». Жалған намысқа тырысып, өзгеден асып түспекке ұмтыламыз. Бірақ, дүниеден озған адамға біздің мал-мүлкіміз қажет емес, – дейді студенттерге дәріс беріп жүрген профессор.

Дәл осы ойды жалғаған облыстық орталық мешіттің наиб имамы Бақытжан Сабырәлиев дүниеден өткен адамға құрмет ысырапшылдықпен өлшенбейтінін баса жеткізді. Осы ретте дүние-мүлкі тасып отырған адамдарды көштің басын түзеуге шақырды.

– Қазақтың «Тарта жесең тай қалады, қоя жесең, қой қалады» деген мақалы орынды айтылған. Сонымен қатар «Қанағат қарын тойдырады, қанағатсыз жалғыз атын сойдырады» деген мақал бар. Қолдағы бардың бағасын білмесек, соған зар болып қаламыз. Қазақ «болмасақ та ұқсап бағуға» тырысатын халықпыз ғой. Өкінішке орай, қазір біз Алланың разылығы үшін емес, елдің сөзі үшін өмір сүрудеміз. «Ел не деп жатыр?» деп елдің аузына қараймыз. Онымен қоймай, барған жерде тыныш отырмай, өзіміз де өзгені сөз қылуға әзірміз. Бүгін біреуі ас та төк дастархан жасаса, келесі күні басқасы «мен одан кеммін бе» деп өзін қажап немесе «бәленше құрлы болмады ғой» деген өсек-аяңнан қашып, керемет дастархан жасауға тырысады. Сол себепті бар адамдардың өздері бастап, ұқыптылықпен, шығынға жол бермей дастархан жасауы керек. Сонда өзгелері де көрпелеріне қарай көсілуден қысылмайтын болады, – дейді наиб имам.

Ақсақалдар мен имамдар да тақырыпқа орай ой-пікірлерін ортаға салды. Соның ішінде марқұмды еске алу сөздерін айтудың ретіне де назар аударылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
96 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
211 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
460 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
721 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
960 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
994 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1147 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1343 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1574 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1661 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1772 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1780 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1811 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1813 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1918 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2137 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»