8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қазан 2021 1324 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (1999 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

 

20 ақпан. Оралда әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиевтың 90 жылдығы кеңінен атап өтілді. Шара облыстық филармонияда Ғ. Құрманғалиевті еске алуға арналған әншілер байқауымен басталды. Оған Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Маңғыстаудан келген жезтаңдай әншілер қатысты. Өнер институтында «Ғарифолла – әнші, композитор, актер, опера шебері, педагог, өнер қайраткері» деген тақырыпта ғылымипрактикалық конференция болды. Оған Ғ.Құрманғалиев атындағы республикалық қордың төрайымы М.Құрманғалиева қатысты.

12 сәуір. Облыс әкімінің шешімімен облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің редакциялары мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды.

3 маусым. А.Островский атындағы орыс драма театрында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концертмейстрі, Қазақстанның халық әртісі, сазгер, күйші Тұяқберді Шәмеловтің шығармашылық кеші өтті.

1 қараша. Облысқа жұмыс сапарымен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Ричард Левингтон келді. Ол облыс әкімі Қ.Жақыповпен және «ҚПО б.в.» компаниясының бас менеджері Пол Джордпен бірге Орал қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасы мен облыстық аурухананың терапевт корпусын күрделі жөндеуден кейін пайдалануға беру салтанатына қатысты. Бұл құрылыстарды «ҚПО б.в.» компаниясы қаржыландырған еді.

22 желтоқсан. Облыс әкімі Қ.Жақыпов орыс жазушысы, түрік халқының тарихын зерттеуші Мурад Аджиді қабылдады. Жазушы облыс басшысына түрік халқының тарихы мен мәдениетіне бүкіл әлем халқы қызығушылық танытып отырғанын және өзінің шығармашылық жоспары туралы әңгімеледі.

жалғасы бар.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»