ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗ БАЛАНЫ ҚАҒЫП КЕТТІ
Полиция қызметкерлері өздері өткізіп жатырған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс шарасы жүріп жатқанына қарамастан жолда кісі қағу фактісіне жол беріп отыр. Оқиға кеше сағат 22.30-да Жәңгір хан мен Брусиловский көшелерінің қиылысында болған.

Полиция аға лейтенанты, 26 жастағы Ринат Баймұқашев қызметтік көлігімен 21 жастағы жүргіншіні қағып кеткен. Қазіргі кезде Р.Баймұқашевқа қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі жол ережесін бұзу ісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. «Сонымен қатар тәртіптік комиссияның шешімімен ол қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сондай-ақ оның тікелей командирлері мен басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова жәбірленуші түрлі дене жарақатымен қалалық көпбейінді аурухананың травматологиялық бөлімшесіне жатқызылды деп мәлімдеді. Оның жағдайы бірқалыпты ауыр көрінеді.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу