8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2025 6697 0
Әлем жаңалықтары

Патшайымның образы қызу талқыға түсті

Қазақтың зергер бұйымдарын Иордания патшайымы тағып жүр. Патшайым Рәния әл-Абдулланың алқалы жиындағы қазақи нақыштағы образы қызу талқыға түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОҒЫЗ ЖЫЛ БҰРЫН

КТК мәліметінше, кадрлар Иордания тәуелсіздігінің 70 жылдығында түсірілген. Корольдің жұбайы ұлттық әшекейді көпшілік алдына тоғыз жыл бұрын алғаш тағып шығыпты.

Содан бері Рания әл-Абдулланың образы көптің есінде қалған. Әсіресе қыз-келіншектер қазақтың ою-өрнегін замануи стильмен үйлестіруді сәнге айналдырған. Оны зергерлер де растап отыр. Иордания патшайымы таққан әшекейлердің авторы — зергер Берік Әлібай.

Ол монархтың мойнынан өз қолымен жасаған әшекейді көрем деп ойламаған екен.

– Рәния ханымға мен өзім берген жоқпын. Жаңағы фотоны жібергенде, Рәния мойнына тағып тұрған бойтұмар көзіме оттай басылды. Өйткені ол тек қазақтың ғана емес, ол менің жасаған бұйымым дедім. Иә, сұраныс артты. Негіз қазір тұмаршаға, бойтұмарға сұраныс көп. Қанша жасасаңыз да, сонша сатылып кетеді, деп сұхбат берген зергер Берік Әлібай Kazinform.kz тілшісіне.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
22 Қыркүйек 2026
95 0
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
129 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
269 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
323 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»