8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Шілде 2020 2466 0
Спорт

ОРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ӨЗ ЕСЕБІНЕН СПОРТ КЕШЕНІН САЛУДА

Бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуға ниет еткен оралдық кәсіпкер жеке қаражаты есебінен спорт кешенін салуда. Сәтін салса, жаңа нысан тамыздың үшінші жексенбісіне сай келетін  спортшылар күніне орай есігін айқара ашпақ.

Төлеген Досболатов – грек-рим күресінің балуаны, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Мұрат Жұмашевтың шәкірті. Арманы –  Оралдың жеткіншектерінен олимпиада чемпионын тәрбиелеу. Осы арманымен грек-рим күресіне арналған жаттығу залын ашуды мақсат еткен.  Даму келешегі зор қаланың солтүстік-шығыс ауданынан жер алып, өткен жылдың жазында өзі ойлаған спорт кешенінің құрылысын бастаған. Спорттық залда грек-рим күресінен жаттығу өткізуге басымдық берілмек. Сондай-ақ аумағы 35х17 метр болатын футбол, волейбол, баскетбол ойындарына арналған зал бар. Қазірдің өзінде оған жасанды көгал төселіп, жалпы құрылыс жұмыстарының 90  пайызы тәмамдалған. Әрқайсысы 50 адамдық киім ауыстыру бөлмесі, душ бөлмесі бар. Жаттығушылардың жеке заттары мен киімдері үшін құлыпталатын сөрелер қойылған.

– Коммуникациялық желілерді тарту ғана қалды. Оның да ақысы төлеулі тұр. Күннің  ыстығы бәсеңдесе, оны да лезде атқарамыз. Отандық материалдарды қолдануға тырыстым. Бірқатарын Оралдан алсам, кейбірін  Ақтөбеден, Алматыдан алдырттым. Көп кешікпей ашып, жаттығуларды бастаймыз.  Бір күнде 100 шақты спортшының жаттығуына мүмкіндік болады, – дейді  кәсіпкер.

950 шаршы метр аумақты алып жатқан спорт кешені құрылысына кәсіпкер 90  млн. теңге жұмсаған.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
192 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»