ОРАЛДА VIII АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ Президенті Асылбек Қожахметов, облыс әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» тақырыбында форум өтті.

Форум аясында Үкіметтік емес ұйым өкілдері өзара пікір алмасып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. – Кез келген мемлекеттің негізгі тірегі – азаматтық қоғам. Саясаттану ғылымында үкіметтік емес институттардың қоғам мүддесі үшін жұмыс істеу жүйесін азаматтық қоғам деп айтады. Елбасы үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін терең түсініп, жоғары бағалайды. Және оларға ерекше көңіл аударып, үнемі қолдау көрсетеді. Осының дәлелі ретінде салалық Қоғамдық даму министрлігін айтуға болады. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет, үкіметтік емес сектор және бизнес арасындағы өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек деп атап өтті. VIІ Азаматтық форумдағы ұсыныстарды іске асыруда қажетті шешімдер қабылданып, облыстағы мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам институттары арасында іскерлік әріптестік қатынасты нығайту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы билік пен қоғамдық ұйымдар арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнатылып, азаматтық бастамаларды жүзеге асыруға ат салысып жүрген қоғамдық ұйымдардың қатары жыл сайын артып келеді. 2016 жылдан бері облыстық қоғамдық кеңес белсенділігін көрсетіп, мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. 30-ға жуық отырысы өтіп, облыс әкімінің 4 рет есебін тыңдады. Елбасымыздың биылғы Жолдауында берген тапсырмаларын орындауда қоғамның әрбір саласында еңбек етіп келе жатқан үкіметтік емес ұйымдардың да үлесі болуы шарт. Азаматтық қоғамы қалыптасқан деп жиі айтылатын америкалықтарда «Азаматтық қоғамның ұраны – «барлығын Үкімет істесін емес», «біз өзіміз жасайық» болуы керек» деген қанатты сөз бар. Бұл барлығын Үкіметтік емес ұйымдар жасасын деген сөз емес. Мемлекет тарапынан азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған кешенді жұмыстар да, қаржыландыру да тұрақты түрде жүргізілуде. Мысал үшін айтар болсақ, облысымызда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі соңғы 6 жылда 6 есеге өскен. Егер 2012 жылғы 138 млн. тенге бөлініп, 120 жоба жүзеге асырылса, биыл 834 млн. қаржыға 200-дей жоба жүзеге асырылуда. 2016 жылы 4 басқарма ғана қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жұмыстанса, қазіргі таңда жалпы саны 32 мемлекеттік орган, соның ішінде 6 басқармаға көбейді. Өңіріміздегі үкіметтік емес ұйымдардың саны көбейіп келеді. Осыдан он жыл бұрын олардың саны 150 ғана болса, қазір 655 ке жетті. Бұл дегеніміз – азаматтық қоғамның дамуының нақты көрсеткіші, – деді жиында баяндама жасаған өңір басшысы Алтай Көлгінов.

Батыс Қазақстан облысы азаматтық қоғамды дамытудың пилоттық жобасын жүзеге асырушы өңір ретінде таңдалып алынған болатын. Осы мақсатта форум шеңберінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ арасында азаматтық қоғам институттарын дамытуға жәрдемдесу туралы келісімге қол қойылды. Бұл күні көтерілген маңызды ұсыныстар қарашаның 27-29 күндері Астана қаласында Елбасының қатысуымен өтетін республикалық форумда талқыланбақ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу