8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қараша 2018 1783 0
Қоғам

ОРАЛДА VIII АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

            Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ Президенті Асылбек Қожахметов, облыс әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» тақырыбында форум өтті.

Форум аясында Үкіметтік емес ұйым өкілдері өзара пікір алмасып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.  ­– Кез келген мемлекеттің негізгі тірегі – азаматтық қоғам. Саясаттану ғылымында үкіметтік емес институттардың қоғам мүддесі үшін жұмыс істеу жүйесін азаматтық қоғам деп айтады.  Елбасы үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін терең түсініп, жоғары бағалайды. Және оларға ерекше көңіл аударып, үнемі қолдау көрсетеді. Осының дәлелі ретінде салалық Қоғамдық даму министрлігін айтуға болады. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет, үкіметтік емес сектор және бизнес арасындағы өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек деп атап өтті.  VIІ Азаматтық форумдағы ұсыныстарды іске асыруда қажетті шешімдер қабылданып, облыстағы мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам институттары арасында іскерлік әріптестік қатынасты нығайту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы билік пен қоғамдық ұйымдар арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнатылып, азаматтық  бастамаларды жүзеге асыруға ат салысып жүрген қоғамдық ұйымдардың қатары жыл сайын артып келеді. 2016 жылдан бері облыстық қоғамдық кеңес белсенділігін көрсетіп, мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді.  30-ға жуық отырысы өтіп, облыс әкімінің 4 рет есебін тыңдады. Елбасымыздың биылғы Жолдауында берген тапсырмаларын орындауда қоғамның әрбір саласында еңбек етіп келе жатқан үкіметтік емес ұйымдардың да үлесі болуы шарт. Азаматтық қоғамы қалыптасқан деп жиі айтылатын америкалықтарда «Азаматтық қоғамның ұраны – «барлығын Үкімет істесін емес», «біз өзіміз жасайық» болуы керек» деген қанатты сөз бар.  Бұл барлығын Үкіметтік емес ұйымдар жасасын деген сөз емес. Мемлекет тарапынан азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған кешенді жұмыстар да, қаржыландыру да тұрақты түрде жүргізілуде. Мысал үшін айтар болсақ, облысымызда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі соңғы 6 жылда 6 есеге өскен. Егер 2012 жылғы 138 млн. тенге бөлініп, 120 жоба жүзеге асырылса, биыл 834 млн. қаржыға 200-дей жоба жүзеге асырылуда. 2016 жылы 4 басқарма ғана қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жұмыстанса, қазіргі таңда жалпы саны 32 мемлекеттік орган, соның ішінде 6 басқармаға көбейді. Өңіріміздегі үкіметтік емес ұйымдардың саны көбейіп келеді. Осыдан он жыл бұрын олардың саны 150 ғана болса, қазір 655 ке жетті. Бұл дегеніміз – азаматтық қоғамның дамуының нақты көрсеткіші, – деді жиында баяндама жасаған өңір басшысы Алтай Көлгінов.

       Батыс Қазақстан облысы азаматтық қоғамды дамытудың пилоттық жобасын жүзеге асырушы өңір ретінде таңдалып алынған болатын. Осы мақсатта форум шеңберінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ арасында азаматтық қоғам институттарын дамытуға жәрдемдесу туралы келісімге қол қойылды. Бұл күні көтерілген маңызды ұсыныстар қарашаның 27-29 күндері Астана қаласында Елбасының қатысуымен өтетін республикалық форумда талқыланбақ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
93 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
433 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
525 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
768 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1036 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1263 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1302 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1452 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1650 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1877 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1963 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2075 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2080 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2114 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2114 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2221 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»