8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Наурыз 2021 1749 0
Қоғам

ОРАЛДА ТӨРТ КҮНДЕ 50-ДЕН АСА ЖОЛ АПАТЫ ТІРКЕЛДІ

Орал қаласы Полиция басқармасы 20-24 наурыз аралығында облыс орталығында орын алған оқиғалар туралы мәлім етті. 

Төрт күн ішінде Жол полициясы қызметі инспекторлары қоғамдық қауіпсіздікті бұзған 212 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Жол жүру ережелерін бұзған кінәлі тараптар анықталып, жол қауіпсіздігіне қатысты 739 әкімшілік хаттама жазылған. Жол-көлік апаттарына қатысты 80 хабарлама түсіп, 53-і нақты дәлелін тапты. 2 адам дене жарақатын алды. Автобустардың қатысуымен 2 жол апаты тіркелген. Басқарманың мәліметінше, жыл басынан бері қала аумағында 1115 жол апаты орын алды. 873 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мас күйде көшеде, қоғамдық орындарда жүрген 48 тұлға анықталып, 48-і де уақытша оқшаулау орталығына орналастырылды. Белгілі тұрағы жоқ 22 тұлға Орал қалалық Полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына жеткізілді.

Бүгінгі күннен бастап  Орал қаласы аумағында «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс- шарасы басталды. Шара 30 наурызға дейін жалғаспақ.

 zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
42 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
378 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
397 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
373 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
416 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»