ОРАЛДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Оралдағы Деркөл ауданы бойынша әуе желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Орал қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл аудандағы электр желілерінің 90 пайызының тозығы жеткен. Бүгінде 5,7 шақырым электр әуе желісі, 3 жиынтық трансформаторлық қосалқы станция ауыстырылуда. Қазіргі АС-35 желісі АС-70 сымына ауыстырылып жатыр, яғни қуаттылығы күшейтілуде. Жұмыстар «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ инвестициялық бағдарламалары бойынша атқарылып жатыр.
Сонымен қатар ағымдағы жылы қала аумағында 10 нысанда жаңарту жұмыстары жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, ТП В15- 2 жұмысшылар аумағы, Круглоозерное-Серебряков ауылдарындағы 12 ұяшық, ТП-191 «Галактика» ойын-сауық орталығы аумағындағы жеке сектор және ТП В23 – 2 жұмысшылар аумағында жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, 2015 жылдың 25 тамызында «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісіп, Табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментімен бірлесе, 2016-2020 жылдарға арналған қолданыстағы активтерді жаңғырту мен қолдау бойынша инвестициялық бағдарлама жасақтады. Инвестициялық салымдардың орта мерзімді кезеңге көлемі 1 605,1 млн. теңгені құрайды. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2016-2019 жылдар аралығында 1 165,5 млн теңге қаралған болса, 2020 жылы – 439 млн. теңгеге электр желілерін қайта құрылымдау және жаңғырту шаралары жүзеге асырылмақ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу