ТІРЕК БАҒАНДАР АУЫСТЫРЫЛЫП, КАБЕЛЬДІК ЖЕЛІЛЕР ЖАҢАРДЫ
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның қайта құрылымдау және жаңғыртудан өткен электр желілері нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

2015 жылдың 25 тамызында «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісіп, Табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментімен бірлесе, 2016-2020 жылдарға арналған қолданыстағы активтерді жаңғырту мен қолдау бойынша инвестициялық бағдарлама жасақтады. Инвестициялық салымдардың орта мерзімді кезеңге көлемі 1 605,1 млн. теңгені құрайды. Биыл инвестициялық бағдарлама бойынша 331,605 млн. теңгеге жұмыстар жоспарланған. Аталған сомаға 11 іс-шара атқарылуы белгіленген. Алайда, жоспар 37 пайызға ғана орындалыпты. Орал қаласында биыл үш қосалқы станцияларды жаңғырту жұмыстары орындалған. Атап айтқанда, «Западная» 110/10 кВ, «Центральная» 110/10 кВ және «Омега» 110/35/10 қосалқы стансаларында электрлігазды ажыратқыш бөлгіштер мен қысқатұйықталулар және ажыратқыш ауыстырылған. Биылғы жылы инвестициялық бағдарлама аясында 110 мың кВ-тық 3 электрлі газды ажыратқыш алынып, оның екеуі «Западная» қосалқы стансасына, біреуі «Центральная» 110/10 кВ стансасына орнатылған.
– Бұған дейінгі болған құрылғының кемшілігі – жүктеме артқан кезде ажыратқыш қысқа уақытқа айырылып, қайтадан қосылатын. Қыс мезгілінде құрылғының мұздап қалуы, салдарынан жарықтың жиі өшуі орын алды. Көптеген тұтынушылар қиындық көрді. Бірақ, бұл қалыпты саналатын. Электр жабдықтарының орта мерзімді қызмет етуі – 25-30 жыл екенін ескерсек, 50 жылға жуық қызмет еткен құрылғының әбден тозығы жеткені түсінікті жайт. Инвестициялық бағдарлама аясында орнатылған жаңа құрылғының артықшылығы көп. Бұрын трансформаторларға май құю арқылы ажыратылса, қазір қолданылып отырған серіппелі тартпалы электргазды ажыратқыштың диэлектрлік беріктігі жақсы. Пайдалану мерзімі кемінде – 30 жыл. Демек 30 жыл бойы трансформатордың да, желілердің үзіліссіз жұмыс жасауы қамтамасыз етілген, – дейді «БҚ электр желілерін тарату компаниясы» АҚ қалалық электр желілері қосалқы станциясы қызметінің басшысы Виктор Чеснаков.
Электр желілерін таратушы компания өкілдері қала бойынша әлі алты жаңа электрлі газды ажыратқыштың қажеттігін айтты. Олардың бағасы қымбат болғанымен, бұл саладағы мәселелердің шешілуіне септігін тигізері анық.
Облыс аумағындағы электр желілерінің басым бөлігі әбден тозған. Бұл орайда қала ішінде ауқымды жұмыстар қолға алынды. Соңғы жылдары ағаш бағандардың орнын темірбетонды тіректерге ауыстырылуда. Биыл дәл осындай 18 дана бағана қойылған. Қазіргі уақытта «Землячка» қосалқы стансасынан ТП-1-ге дейін 700 метрдей әуе желісі АС-50 сымына ауыстырылып отыр. Бұдан бөлек шаһардың 10 учаскесінде 0,4 кВ-тық кабельдік желілерін ауыстыру жоспарланған. Бүгінде көзделген 2 шақырымдық желінің 1,3 шақырымы бойынша қайта құрылымдау жүргізілді. Қалғаны жыл соңына дайын атқарылмақ. Сондай-ақ Теректі ауданының Ақжайық ауылында облыстың орталық аудандарымен электр желілерін қосуды жедел басқару мақсатында радио-желілік станса орнатылған. Мамандардың бағамынша, жасалған жұмыстар апаттылықты азайтып, қаланың тұтынушыларын тұрақты электр энергиясымен үзіліссіз қамтылуына кепіл болмақ.
Айта кетейік, 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2016-2019 жылдар аралығында 1 165,5 млн теңге қаралған болса, 2020 жылы – 439 млн. теңгеге электр желілерін қайта құрылымдау және жаңғырту шаралары жүзеге асырылмақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу