8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Сәуір 2020 1778 0
Қоғам

ОРАЛДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Оралдағы Деркөл  ауданы бойынша әуе желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Орал қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл аудандағы электр желілерінің 90 пайызының тозығы жеткен. Бүгінде  5,7 шақырым электр әуе желісі, 3 жиынтық трансформаторлық қосалқы станция ауыстырылуда. Қазіргі АС-35 желісі АС-70 сымына  ауыстырылып жатыр, яғни қуаттылығы күшейтілуде.  Жұмыстар «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ инвестициялық бағдарламалары бойынша атқарылып жатыр.

Сонымен қатар ағымдағы жылы қала аумағында 10 нысанда жаңарту жұмыстары жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, ТП В15- 2 жұмысшылар аумағы, Круглоозерное-Серебряков  ауылдарындағы 12 ұяшық, ТП-191 «Галактика» ойын-сауық орталығы аумағындағы жеке сектор және ТП В23 – 2 жұмысшылар аумағында жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, 2015 жылдың 25 тамызында «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісіп, Табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментімен бірлесе, 2016-2020 жылдарға арналған қолданыстағы активтерді жаңғырту мен қолдау бойынша инвестициялық бағдарлама жасақтады. Инвестициялық салымдардың орта мерзімді кезеңге көлемі 1 605,1 млн. теңгені құрайды. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2016-2019 жылдар аралығында 1 165,5 млн теңге қаралған болса, 2020 жылы – 439 млн. теңгеге электр желілерін қайта құрылымдау және жаңғырту шаралары жүзеге асырылмақ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
74 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
366 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
386 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
363 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»