8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2019 3782 0
Қоғам

ОРАЛ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірдегі өндіріс орындарында болды. Сондай-ақ көктемгі далалық жұмыстарды қарап, облыста жасалып жатқан істерге қанықты.

Бүгін жұмыс тобының мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қ.Ержан мен М.Чирков  «Зенит» және Орал трансформатор зауытында болды. Жұмысшылармен тілдесіп, зауыттықтардың негізгі мәселелерін тыңдады.

«Ұлы дала бренді» номинациясын иеленген Орал трансформатор зауыты биыл 9 мың трансформатор шығаруды жоспарлаған. Оған қоса жаңа өндіріс орны ашылып, зауыт кеңейе түспек.  Қазір зауытта 310 адам жұмыс жасайды, жаңа цех салынысымен тағы 110 жұмыс орны ашылмақ.

–  Өндіріс орнын ашу үшін жұмыстарды бастап кеттік. Жыл соңына дейін 8 мың шаршы метр аумаққа цех саламыз. Онда 35-500 кВт-тық трансформаторлар үшін панельдік радиоторлар дайындалады. Оның 70 пайыздан астамын экспортқа шығарамыз деп көздеп отырмыз, – дейді зауыттың басқарушы директоры Ақжол Сауранбаев.

Депутаттармен кездесуде зауыттың негізгі мәселелері талқыланды. Соның бірі – баж салығына байланысты.

– Шығарылған заңдармен өңірлердің қаншалықты жұмыс жасап жатқанын және оның қандай оң әсері бар екенін көру мақсатымен жылына төрт мәрте облыстарға шығамыз. Кем-кетік болса, келесі жұмыстарымызда қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолдайтын боламыз. Орал трансформатор зауытының да үйлесімі табылмай отырған өзіндік мәселелері бар. Бәсекелестік жақсы нәрсе. Бұл сапаға, бағаға оң әсер етеді. Дегенмен, бәсекелестік тең болуы тиіс. Орал трансформатор зауыты – шикізаттан бастап дайын затқа дейін өздері шығарады. Ал кейбір мекемелер дайын бөлшектерді жинақтап, саудаға шығады. Бұлардың әрқайсысының орны бөлек. Әрі өндірістегі жұмыс ауқымына қарағанда бөлшектен жинағандардың шығыны аз. Оларда жеңілдіктер бар, ал бұларда жоқ. Сондай-ақ шикізат шетелден келгенде салық төленеді. Шығару кезінде тағы да сол. Сол екі арадағы қосымша табыс салығы белгілі уақыттың ішінде қайтарылмайды. Қаржы, әрине, жұмыстың жүруін кейінге тартады. Жұмыс жүруі үшін қаржы керек. Егер оны банктен алса, қосымша пайызы тағы бар. Кіру салығы шығатын қосымша салықпен ауыстырылса және қосымша салықты мемлекет қарыз болмай уақытылы кері қайтарса, мекеменің кеңеюіне жол ашылар еді. Зауыт мемлекеттен, банктен қарыз алмай, жұмыс жасаса өнім арзан болады, нарықта тауар өтімді болады. Министрліктегілер осы мәселені тереңірек қарауы керек. Біз осы жағдайларды жеткізетін боламыз, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Төлепұлы.

Зауыттағы қызметкерлердің орта жасы – 28 жас. Яғни, зауыттықтардың дені – жастар. Барлығын толғандыратын жайт – баспана. Бұл мәселе де депутаттар қаперіне салынды.  Қазір зауыт басшылығы жұмысшыларының бірқатарын өздерінің жатақханаларына орналастырған. Болашақта қызметкерлерге арнайы үй салу қарастырылуда.

 

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
116 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
336 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
822 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1200 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1116 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1560 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2175 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2342 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2348 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2399 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2402 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2033 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2883 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2936 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2932 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3543 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3514 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3501 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3479 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3640 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3687 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»