Облыста тұмауға қарсы екпе салу басталды

Аумақта кешеден бастап тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салу басталды. Ауруға қарсы науқан өткен екі жылмен салыстырғанда биыл өз уақытында басталып отыр. Екпе салу қазан айының аяғына дейін жалағасады. Осылайша адамдардың маусымдық ауруға иммунитет қалыптастырып үлгеруіне мүмкіндік берілуде. Бұл шаралар дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатындықтан барлық медициналық ұйымдарда дайындық ерте басталған. Айта кеткен жөн, осымен бірнеше жыл қатарынан тұмаға қарсы екпе алған облыстың бас дәрігері өзін жұқпалы аурудан қорғау үшін бұл шара маңызды екенін атап өтті.Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары атап өткендей тұмауға қарсы вакцина сатып алуға бюджеттен 66,7 млн. теңге бөлініпті. Санитарлық дәрігерлер вакцинация медицина қызметкерлеріне, жиі ауыратын балалар мен арнайы әлеуметтік мекемелердің қамқоршыларына тегін берілетінін атап өтті. Облыста барлығы 68 мың доза «Гриппол ПЛЮС» вакцинасы бар. Қалалық емханаға тіркеуде тұрған азаматтарды өз учаскелік дәрігерлерінің тексеруінен өткен соң екпе алуға құқығы бар. Шара ерікті түрде ұйымдастырылып жатқанын естен шығармаған жөн. Бұл науқанда халықтың 10 пайызы мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа екпе алып, иммунитет қалыптастырады деп жоспарланып отыр. Орал қаласы бойынша 600-ден аса тұрғын тұмауға қарсы егіліп үлгерген.
Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру
Пікір үстеу