8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 3204 0
Жалын

Өнерге талай шәкірт қанат қаққан

Қаламыздағы №2 балалар саз мектебінің ұжымы өнерлі жеткіншектердің табиғи дарынын, ерекше қабілетін ашуға сүбелі үлес қосып келеді. Келер жылы ашылғанына 45 жыл толатын өнер ордасы осы уақыт аралығында үлкен жетістіктерге қол жеткізген. 
Жылдың жетістігі мол

Алғашқы оқушыларын 1972 жылы қабылдаған саз мектебі оларға қосымша білім беріп, өнер жолына бағыттап келеді. Мектеп директоры Мұхамбетқали Далбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда мұнда оқитын 420 балаға 49 педагог білім беруде. – Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен ерекшеленген биылғы жылды өте жақсы деңгейде қорытындыладық. Мектебімізде фортепиано, теория, халық аспаптар бөлімдері жұмыс жасайды. Сонымен қатар балалар гитара, баян, аккордеон, домра, труба, флейта, гобой, қобыз, домбыра, фортепиано, скрипка аспаптарын меңгеріп,  дәстүрлі ән өнеріне машықтанады. Оларды тәжірибелі, санатты ұстаздар өнерге тәрбиелейді, – деген Мұхамбетқали Сағитұлы жыл ішінде үлкен жұмыстар жасалғанын атап өтті.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәбира Есқабылова 2015-2016 оқу жылында шәкірттердің көптеген өнер додаларында топ жарғанын мәлімдеді. – Жас өнерпаздар қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда бақтарын сынап жүр. Биыл облыстық «Жас музыкант» фестивалінде хор ұжымы 2-орын иеленсе, фортепиано класының оқушысы Лейла Габдуллина 1-орынды жеңіп алды. Ал музыкант-дебютанттардың республикалық сайысында Лейламен бірге Мағжан Құлекеш, Ульяна Неродова есімді шәкірттеріміз 3-орынға табан тіреді. «Ақ көгершін» халықаралық балалар шығармашылығына арналған байқауда «Ақ сұңқар» домбырашылар ансамблі І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы сында жеке орындау шеберлігімен көзге түскен он жеткіншек жүлделі орындардан көрінді, –  деді Сәбира Мақсотқызы. Мұндай жетістіктер №2 балалар саз мектебінде көптеп саналады екен. Түрлі деңгейдегі «Балдәурен» байқауы, «Менің елім – Мәңгілік ел» фестивалі, Қазақстанның халық әртісі Р.Ғабдиевтің 80 жылдығына арналған «Рух» қайырымдылық байқауы мен дәулескер күйші Д.Нұрпейісованың 155 жылдығына орайластырылған «Әсемқоңыр» домбырашылар сайысы, халық композиторы М.Мерәліұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мөлдір әуен» ән байқауы және «ХХІ ғасыр дарындары», «Жадыра, жас дарын» сияқты шаралардың жеңімпаздары өнер ошағының атағын аспандатып жүр.
Саз мектебінің шығармашылық ұжымдары да талай сайыстардан жүлдесіз қайтпапты. Т.Өтеуованың жетекшілігімен биіктерден көрініп жүрген «Ақсұңқар» домбырашылар ансамблі күні кеше республикалық «Дала дарыны» байқауында 1-орынды иеленген. «Үздік қосымша білім беру педагогы» облыстық кезеңінің жүлдегері Ж.Өтеуовтің қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Л.Шапишева жетекшілік ететін орыс халық аспаптар, Т.Пархоменконың скрипкашылар ансамбльдері де жетістіктерімен дараланып үлгерген.

Саз мектебіндегі қазақ ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі Жеңіс Қимранұлы ұжым құрамындағы Асылбек Қайнар, Сәуле Кушенова, Айнұр Болатова, Әділхан Мадаров сияқты оқушылардың домбыра, шертер, қобыз аспаптарында шебер ойнайтынын айтты.

Мерейтойға дайындалуда
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Бектасқызы осы оқу жылында қосымша білім беру мекемесі 45 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде атап өтетінін жеткізді. Мерейтойлық іс-шараға ардагер ұстаздарды, бұрынғы түлектерді шақырып, құрмет көрсету жоспарлануда. Педагогтар қауымы қатарларында жүрген Алтынгүл Қуанғалиева, Ерлан Киреев, Владимир Шагиев, Галина Еременко, Ирина Демченко, Валентина Райымқұлова, Наталья Котляревская сынды аға буын әріптестерін үлгі тұтады. Алдыңғы буынның ізін жалғаған Әділбек Қодаров, Еділ Орынтаев, Айзат Есжанова, Наурыз Қинешовтей жас мамандар да өнер саласында өзіндік қолтаңбаларын қалдыруға еңбектенуде.
Ұстаздардың ішінде бір отбасының егіз қызы – Данагүл мен Панагүлді ерекше атап өткен жөн. Осы мектептің түлектері жоғары музыкалық білім алып келіп, бүгінде өздері алғашқы өнер сабағын меңгерген ұяда жұмыс жасауда. Домбырашы арулардың шәкірт тәрбиелеп жүргендеріне он жылдың жүзі болыпты.
Әрбір жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындықпен келетін педагогтар әдістемелік бағытта ашық сабақтар өткізіп, шәкірттерінің өнерге қанат қағуына септеседі. Саз мектебіне алты-жеті жастан қабылданатын балғындар мұнда бес, жеті жыл білім алады. Қолдарына берілетін  арнайы сертифаттар  түлектердің одан әрі музыкалық колледждерде оқуға мемлекеттік грант ұтып алуына мүмкіндік береді.
№2 саз мектебінің қаладағы №46 және №37 орта мектептерде филиалдары жұмыс жасайды. Әрине, қаладағы басқа білім ошақтарынан да сұраныс бар. Бірақ олардағы орын мәселесі филиалдар санын көбейтуге кедергі. Тіпті екі қабатты шағын ғимаратта орналасқан саз мектебінің өзінде де орын тапшылығы сезіліп тұр. «Ғимаратымыз үлкен болса, өнерге құштар жеткіншектерді де көптеп тартар едік» дейді мектеп ұжымы. Мектеп ғимаратында сынып бөлмелері және кітапхана орналасқан. Педагогтар бойында ерекше таланты бар мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануға да дайын.

Кешегі оқушы – бүгінгі өнер иесі
Өнер ұжымы бүгінде қазақ өнерінің дамуына үлес қосып жүрген талантты шәкірттерімен мақтанады. Солардың бірі – ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, танымал пианист Тимур Орманшиев алғашқы музыкалық білімді осы мектепте меңгерген. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің әртісі Жалғас Егізбаев, Абай атындағы қазақ мемлекеттік акакдемиялық опера және балет театрының әншісі Әсел Накиева сынды шәкірттері де ел алдында өнер көрсетіп жүр. Өңірімізге танымал әнші Айым Шекеева да осы ұядан қанаттанып, бүгінде осында ұстаздық қызмет атқаруда. Ал саз мектебінде дәріс алған Ақнұр Сапарғалиева мен Жансая Мұхамбетқали Қазақ ұлттық өнер университетінде жоғары білім алуда.
Киелі өнер арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп жүрген өнер мектебінен әлі талай шәкірттің қанаттанары сөзсіз. «Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді» деп заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай, өнерлі елдің өресі – қашан да биік. Дарынды балалардың өнердегі жолын ашып, болашағына бағыт сілтейтін №2 саз мектебінің жетістіктері алдағы уақытта еселене түсеріне сенімдіміз.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,
amir_2000kz@mail.ru

         

 Ақмарал АЙТАЛЫ, фортепиано класының оқушысы: – Фортепиано аспабын тез үйрендім. Оған тәжірибелі, жоғары санатты ұстаз Марина Острикованың сіңірген еңбегі зор. Сонымен қатар хорда ән айтамын. Болашақта әнші немесе дирижер болғым келеді.

Бибінұр ӨТЕПБЕРГЕНОВА, гитара класының оқушысы: – Гитарадан сабақ алып жүрмін. Жетекшім – Лаура Мұқатова. Өзіме гитарада ойнаған ерекше ұнайды. Сабақтан бос уақытымда саз мектебіне асығамын. Келешекте үлкен өнер иесі болуды армандаймын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
141 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
180 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
346 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
539 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
781 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
860 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
968 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
975 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
999 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1012 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1115 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1335 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1652 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1534 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1643 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1634 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1765 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1809 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1754 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1764 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»