НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОРАЛ БАРЫСЫ» ӨТЕДІ
Наурыз мерекесіне орай Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізбек. Мейрамға арналған іс-шаралар 14 наурыз күні басталып, 22 наурызға дейін жалғасады.

Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев мәлім еткендей, әр күні өтетін шаралар атаулы күндерге сәйкестендірілген және өзіндік мән-маңызы бар. басты мақсат – ұлттық спорт түрлерін бұқара арасында кеңінен насихаттау, қазақ ұлттық ойындары барысындағы ерекше көріністі және қызу тартысты көрсету.
14 наурыз күні«Көрісу күніне» қала тұрғындары арасында ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылады. Қатысуға ниет білдірген әртүрлі жастағы қатысушылар спорттың 4 түрінен – асық ату, қол күресі, гір тасын көтеру және арқан тартудан сынға түсетін болады.
Өтетін уақыты: 14 наурыз, басталуы сағ.11.00
Өтетін орны: Д.Нұрпейісова көшесі (Арбат) және М.Мөңкеұлы көшесіндегі тынымбақ.
15 наурыз күні«Зияткерлік күніне» арналған робототехника көрмесі жоспарлануда. Наурыз мейрамдарын мерекелеу аясында өтетін робототехника көрмесінде Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Республикалық жоғары техникалық колледжі, Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығы және Оқушылар сарайының робототехника үйірмесінің робототехникалары қала тұрғындарының назарына ұсынатын болады.
Өтетін уақыты: 15 наурыз, басталуы сағ.11.00.
Өтетін орны: Д.Нұрпейісова көшесі (Арбат).
16 наурыз күні Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған Орал қаласының мекеме жұмысшылары арасында қазақ күресінен жарыс өтпек. Бұл додаға Орал қаласының мекеме жұмысшылары қатысады деп күтілуде. Олар 70 келіге дейін және 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түстетін болады. Қазақ күресі жарысы Құлмамбет пен Жамбыл айтысымен жалғасады.
Өтетін уақыты: 16 наурыз, басталуы сағ.11.00.
Өтетін орны: А.Н.Островский атындағы драма театры.
18 наурыз күні «Игі істер күні аясында» мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ұлттық спорт түрлеірнен қалалық жарыс ұйымдастырылады. Қатысушылар асық ату, қол күресі, арқан тарту, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және садақ атудан сайысатын болады.
Өтетін уақыты: 18 наурыз, басталуы сағ.11.00.
Өтетін орны: Дауымов көшесі, 45, спорт кешені.
19 наурыз күні «Шымырлық пен шеберлік күніне» арналған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, тай жарысы сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыс жоспарланған. Мақсаты – ұлттық спорт түрлерін бұқара арасында кеңінен насихаттау, қазақ ұлттық ойындары барысындағы ерекше көріністі және қызу тартысты көрсету. Аталмыш шара ат спорты базасында өтеді. Додаға қатысушылар көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, тай жарысы секілді спорт түрлері бойынша өзара бақ таластыратын болады.
Өтетін уақыты: 19 наурыз, басталуы сағ.11.00.
Өтетін орны: Бортау ауылы (Меловые горки).
20 наурыз күні Наурыз мейрамына арналған Деркөл кентінің тұрғындары арасында ләңгі тебу, гір тасын көтеру, асық ату, қазақ күресі, арқан тартудан жарыс
Өтетін уақыты: 20 наурыз, басталуы сағ.11.00.
Өтетін орны: Деркөл кентінің мәдениет және демалыс саябағы.
21 наурыз күні «Ұлттық тағамдар күніне» қой көтеру, қазанға бауырсақ пісіруден жарыс ұйымдастырылады. М.Мөңкеұлы көшесінде (тынымбақ) қала тұрғындары арасында қой көтеру жарысынан мықтылар анықталады. Сондай-ақ осы тынымбақта 10 қазан-ошақ құрылып, дайындалып, бауырсақ пісіруден жарыс өтеді. Әр қатысушы қазақ дастарханының басты нанын пісірудің әр түрлі әдіс-тәсілін көрсетеді.
Өтетін уақыты: 21 наурыз, басталуы сағ.11.00.
Өтетін орны: М.Мөңкеұлы көшесі (тынымбақ).
22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне» арналған қазақ күресінен Орал барысы, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебуден жарыс өтеді.
Өтетін уақыты: 22 наурыз, басталуы сағ.11.00.
Өтетін орны: Тұңғыш Президент алаңы, Қ.Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу