8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2019 2081 0
Дені сау ұлт

«МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ»: БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ЕНГІЗІЛДІ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ  БҚО бойынша филиалы  Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады.

2019 жылы жарналар 1,5 пайыз мөлшерінде жұмыс берушілердің жалақысы есебінен төленеді. Егер адам ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 еседен астам сомаға табыс алса, онда жарна төлемдері тек 10 ең төменгі жалақы бойынша табыста есептеледі.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Оның ішінде, басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді. Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, басқа елді мекендерде (ауыл, аудан т.б.) 0,5 АЕК құрады. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 2 мың 525 тенгені құрап отыр.

Қалған азаматтар қашан және қанша төлейді?

2020 жылдан бастап мемлекет азаматтардың 13 санатына сақтандыру жарнасын аудара бастайды, атап айтсақ:

  • балалар;
  • жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

·        осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

  • жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға (бала асырап алуға) байланысты үш жасқа толғанға дейін күтім жасайтын адамдар;
  • мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
  • зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
  • тергеу изоляторларында отырғандар;
  • жұмыс істемейтін оралмандар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • мүгедектер;
  • орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;

2020 жылдан жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін өз есебінен 2%, жұмыс беруші жалақысынан 1% жарналарды Қорға аударады.

2020 жылдан жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 % төлейді.

2020 жылдан төлемді өз бетінше төлейтін санат, яғни еңбек биржасына тіркелмеген, жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеуі жоқ тұлғалар, ҚР аймағынан шығып шетелде жүрген азаматтар, еш санатқа жатпайтын басқа да жеке тұлғалар ай сайын 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, бүгінгі таңда ең төменгі жалақы 42 500 тенгені құрап отыр.

2020 жылдан бастап азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалар есептелген кірістің 1% -ын төлейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық жүйе қосылған күннен бастап 2020 жылдан Қорға түскен қаржы сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет ақысын төленуге жұмсалатын болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
112 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
370 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
629 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
870 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
905 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1058 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1252 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1487 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1574 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1683 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1691 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1721 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1726 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1829 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2050 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2357 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»