8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2023 7103 0
Дені сау ұлт

Мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Бүгін, сәуірдің 29-ы күні Достық үйінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

 

Басқосуды облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ашып жүргізді. Жиында сөз сөйлеген денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген бағдарлама бойынша алты бағыттағы жоба бойынша міндеттерді жүргізіп келеміз. Ең алдымен ескі ғимараттарды жаңа обьектілермен ауыстыру, ауылдардағы фельдшерлік-акушеркаық медициналық пункттерді салу. Ауылда 50-ден астам және 500-ден 1000-ға дейін тұрғыны бар жерге пункттер салу. Бұл мәселені басшылар өздеріңіз шешесіздер. Онкологиялық ауруларды отасыз емдеу үшін жаңа аппараттар сатып алуды қарастырып жатырмыз. Қала тұрғындарының ең көп шағымданатын сауалдары: дәрігерге қаралу үшін кезектің ұзақ болуы. Осы мәселені шешу бағытында учаскелік дәрігерлердің жолдамасымен қаралуын ескеру міндетті. Озық тәжірибелі дәрігерлерді дайындау мақсатында шетелге тәжірибе алмасуға көптеп жіберу қарастырылуда. Алғашқы медициналық көмекті жақсарту керек. Ана мен баланың денсаулығы жіті назарда. 2020 жылы пандемия кезінен бастап, МӘМС жүйесі жақсы қаржыланды. Жаңа технологиялық аппараттар шетелден қомақты қаржыға сатып алынды. Әсіресе, әр түрлі ісік ауруларын отасыз жоятын аппараттар пайдалануда. Көп бейінді аурухана салу мәселесі шешімін табады. Кешенді медициналық көмек алу үшін хирургия орталығын заманға сай өзгерту алда уақытта жүзеге асады. Сондай-ақ толық автоматтандыру, цифрландыруды қолға алып, осы бағытта біркелкі жұмыстар атқарылуда. Елімізде әйелдердің орташа жасы – 78, ер адамдардікі – 73жас, – деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

 

Жиналыстың соңында аталмыш саладағы түйіткілді мәселелер туралы қойылған сауалдарға Ажар Ғиният тұщымды жауап беріп, бірқатар мамандарға тапсырмалар жүктеді.

 

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
103 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
138 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
405 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
425 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»